Жыр

«Азат бақыт»

Ауызша жырдан хатқа түсірген · 1952

Қолыма қалам алып қылдым талап

Сөйлеуге қызыл тілім тұрса жарап

Аударып әңгімеден өлең қылып

Жатырмын шашылсын деп жұртқа тарап

Қағаз аз қалам нашар көңіл шабан

Болмады бәр түгел қару жарақ

Сөз шығар құран жазсам көңілімінен

Жазуға жалқау тартып болдым салақ

Әңгіме ашып айтсам көңіл шаты

Жастықтың жарастықтың салтанаты

Ән салып, домбыра алып көңіл ашық

Таланты азаматтың ырақаты.

Бекерлік боз баланың жас құмары

Артында қалмаған соң жауап қаты

Біреу ер, біреу шешен, біреу көсем

болама бәрі бірдей адам заты.

Өсектен құтылатын басымдағы

өлеңнің құтылайын жез қармағы

Жазайын үнем озар бір әңгіме

Өлеңнің жабысқан соң жаман аты.

Өлеңге ықылассыз көңіл алма,

Жалқаудың әр уақытта ісі шала.

Болсада жаман жақсы әңгіме ғой

Десеңдер құлақ қойып тыңдап қара

Өтірік алға баспас арда қалмас

Орынсыз дұшпандық қып жаппа жала

Білесіз қырық уәзір қанкүн сөзін,

Шешесі не қылмады жүзі қара.

Атайын саған ұқсас бір хикая

Азырақ бейнет шеккен Азат бала.

Жалғанға әркім келіп кеткен екен,

Қалпынша бәрі тірлік еткен екен.

Үстінен қанша халық әмір шашқан,

Бақтяир деген патша өткен екен.

Сөйлесе сөзге машық кетер сайрап,

Сіңіпті әділдігін әркім біліп.

Көптігі қоластында халайықтың,

Жүргенде қарабозбен екі айшылық.

Әмірлі үкім шаша кетер сайрап,

Аумайды ғаділдіктен сөзін байлап.

Содырлы сойқындылар қорықсын деп,

Қылышын жендеттері тұрды қайрап.

Шариғат жөніңменен іс жүргіз деп

Шетелге әр түрлі ұлды қойған сайлап.

Жалғанның пайдасына қарамайды,

Ес тұтып жалғанда дос бола алмайды.

Жазасын сойқандының тарттырады,

Қай жерім шариғатқа жарамайд деп.

Елінің жылда шетін аралайды,

Қалал зат адам екен дүзік ниетті.

Жағымды ел жұртына әділетті

Ақылдас уәзірін қасына алып.

Аралап ғаділетінше жүріп кетті,

Жүреді уәзірін қасына алып.

Тексеріп жолдағы елді жөнге салып,

Пойызбен екі ай жүріп бақтияр қан.

Еліңнің түсті барып бір шетіне,

Екі айда түсті барып ел шетіне.

Әмірі падишаның сондай күшті,

Еліңнің арыз айтқан жаныменен.

Падиша қағазын алды облыстың,

Патшаға арыз айтқан талай халық.

Зорлықты баршасынан көрді анық.

Падиша он күн жатып қайтпақ болды,

Халқының бұзақысын жөнге салып.

Падиша айтты уәзірге қайтайық деп,

Жолшыбай ел аужайын байқайық деп.

Сағат ертең тоғызда елді жинап,

Өсиет ұғындырып айтайық деп.

Халықтың ертең түсте жиды бәрін,

Айтады ұғындырып әрбір сарын.

Халықтың бәрін жинап алған соң,

Қолға алды іс басында адамдарын.

Халқынды ренжітпей дүзік ұста,

Естіртпе екіншіде мұңлы зарын.

Сөйледі сонда біреу түрегеліп,

Топ жарып падишаға берді жауап

Тақсырай сіз кеткенше бәрі жөн деп,

Мал басқа сіз кеткен соң қоймас ерік.

Қарсылық жауап емес мұңың өзі.

Халықтың сізге жылар келді кезі.

Тыңдаңыз ықыласпен көңіл бөліп,

Айтқаным көпшіліктің қарыз сөзі.

Сіздердің бір жыл болса біреуіңіз,

Қайғылы болмас еді жүрегіміз.

Біріңіз бір жыл болып жөнге салса

Дер едік болдау қабыл тілегіміз.

Падиша бұл сөзді естіп мойын бұрды,

Елінің сөзін естіп тыңдап тұрды.

Біріңіз бір жыл мұнда тұрыңыз деп,

Падишаның аяғына басын ұрды.

Падиша елге берді ықыласты.

Жыл ғана есіркеді кәрі, жасты.

Біріміз бір жыл мұнда болайық деп,

Падиша уәзірмен ақылдасты.

Падиша айтты уәзіге сіз қалыңыз,

Кем болмас елге сіздің ызғарыңыз.

Бір жыл тұрып падишалық үкім етіп,

Халықтың айтқан сөзін аңғарыңыз.

Уәзір мақұл көріп қалмақ болды,

Қолына халқын жинап алмақ болды.

Патшалық ретінде үкім етіп,

Бұзығын түзу жолға салмақ болды.

Падиша уәзірмен қош айтысты,

Үйіне падишадан салем айтты.

Ей патша әміріңді көрдім ғой жөн,

Бір жүріп дәрежемді қылдың ғой тең

Тоқтатпай барысымен жіберіңіз,

Бар еді пешеттеулі темір күймем.

Бәйбішем өзі білер бір күймем бар,

Ұмытпай бул жұмысымды есіңізге ал.

Күймені падиатқа салдыр дағы,

Он солдат қосып беріп шығарып сал.

Солай деп қош айтысып қала берді,

Падиша жүріп кетті, жолға түсіп.

Патшалық әмір шашып қалды уәзір,

Бұйырып ол шаһардың дәмін шешіп.

Солайша уәзірін қалдырайын

Сөзінге қиыстырып нандырайын.

Екінші бір азырақ әңгіме етіп,

Азырақ құлақ құршын қандырайын.

Падиша сол бетімен елге келді,

Уәзірдің әйеліне хатын берді.

Падиша бул қатынға ұғындырып,

Оқиға бастан өткен айтып берді.

Уәзірдің әйеліне берді хатын,

Білетін адам еді сөздің затын.

Бар деді темір күйме жібер деді,

Еріңнің тапсырайын аманатын.

Қатын айтты бұл болса әңігмеңіз,

Ақылдас адам едік сізбенен біз.

Қоярмын екі үш күнде менде даяр,

Он солдат жабдығымен дайындаңыз.

Падиша жабдықталды шаруа жинап,

Қатынға қайғы түсті сары уайым.

Падиша он солдатын әзір ғыпты,

Қатында өз шаруасын қылды дайын.

Қатын салды күймені падуатқа,

Күймені ұзатпаққа алыс жаққа.

Ол қатын салып жатып зар жылайды,

Құдай-ау айналайын өзің сақта.

Он солдат күймені алып, жүріп кетті.,

Зар жылап ойран болды қатын ғарып.

Падиша жолдың жөнін ұғындырды,

Шығарды солдаттарын жолға салып.

Жол жөнін ұғындырып айтып берді,

Түстеніп жол үстіне қонар жерді.

Солдаттан уәзірге сәлем айтты,

Падиша шаһарына қайта келді.

Он солдат қаруы мол өзі мықты,

Патшаның айтып берген сөзін ұқты.

Шаһардан сегіз бкет шыққанында,

Алдынан он үш солдат қарсы кепті.

Кездесті он үш солдат қарсы келіп,

Бұларда сәлем берді қолын беріп.

Он үші он солдаты ұрды келіп,

Саны артық азға қашан қойған ерік.

Мұндайлық жол үстінде болды қызық,

Баршасын байластырып қойды тізіп.

Он бірі тонай берді саймандарын,

Екеуі сындырады күйме бұзып.

Нәрсенің іске татыр алды бәрін,

Он солдат ат сайманнын болды пақыр.

Күйменің аузын ашып көрсе бұлар,

Бойжеткен Аймен күндей бір қыз отыр.

Қызды алды күйме бұзып аузын ашып,

Бір солдат көріседі құшақтасып.

Бірі үшін бірі жанын құрбан қылған,

Кездесті қыспақ жерде екі-ғашық.

Қызды алып он үш солдат он төрт болды,

Шаттанып қыз жігіттің көңілі толды.

Бір өзіңнен басқадан еш қуат жоқ,

Я, Алла пазылыңмен оңғар жолды.

Бұларды осыменен тоқтатайын,

Ат сайман асығыс жоқ болды дайын.

Әңгіме тыңдаушыға мағлұм етіп,

Айтайын солдат пенен қыздың жайын.

Жақынның араласар дәммен тұзы,

Сын құрмет жарасады сізбен бізді.

Әлгі солдат патшаның баласы екен,

Мына қыз уәзірдің жалғыз қызы.

Бірімен бірі құмар бұл екі жас,

Көңілі тасып өскен дәулетке мас.

Жасынан ойнап бірге жүрген бала,

Болыпты ер- жеткен соң көңіл айқас.

Жүріпті бұл екеуі ойнап күліп,

Жасынан үйір болған бірге жүріп.

Сезіліп екеуінің әр ісінен,

Уәзір қыз әкесі қойған біліп.

Уәзір падишаға келген екен,

Айтпаққа білген ісін аян етіп.

Падиша уәзірден сөз сұраған,

Қалайша түнделетіп келгендігін.

Уәзір ақырындап сөз бастайды,

Падиша тыңдай береді сөз қоспайды.

Ей, Патша көздің ақта қарасымыз,

Туысқан бір атаның баласымыз.

Ақылын сіз таппасаң мен таппадым,

Бір ұят іс білінді баламыздан.

Қыл өтпес жақын едік арамыздан

Падиша айтты қосқанмен хадис аят.

Бұл жұмыс екеуімізге болар ұят,

Жеті атаға толғанша қыз алма деп.

Айтамын ұғындырып елге өсиет,

Бұл ісі балалардың дұрыс емес.

Айтамын ұғындырып елге өсиет,

Арамыз жеті атаға толмақ түгіл,

Тағыда туысымыз немерелес.

Бұл сөзді шын айтамын көңіліме қақ,

Сырт дұшпан естімесін аузынды жап.

Мен ұлыма айтпаймын не істерімді.

Ақылын өз қызыңның өзіңіз тап,

Уәзір жүріп кетті түнделетіп.

Ақылдас ағасының сөзін естіп.

Жасатып темір күйме алты кездік

Жасырып қызын ұрлап қойған тығып.

Уәзір падишаның ақылдасы,

Өзінің туысы бір жақындасы.

Патша шақырып ап өз баласын,

Қойыпты алыс жерге солдат қылып

Екеуін ослайша қайып қылып,

Сезбеген бұл жұмысын ешкім сезіп.

Баланы соддат қойып қызды тығып.

Кетіпті бұл екеуі сапар жүріп.

Осы екен күймен бар деп айтқан сөзі,

Он солдат қосыңыз да жолға сал деп.

Алдырсам өз қасыма осылайша.

Біреуге көңілі сүйген қосылар деп.

Бұлардың келген осы санасына,

Іс қылып осындайлық баласына,

Қызбен жігіт жасырып жүрген күнде.

Бір жігіт жүреді екен арасында.

Көңілі қыз жігітің болған жарым,

Білмеген ақыл таппай не қыларын,

Арада жүрген жігіт жылпың екен,

Сезіпті аңдып жұріп мұның бәрін.

Қайласын мына жігіт өткізіпті,

Қоярма құдай қоспай ниет дүзікті.

Патшаның баласына әлгі жігіт,

Әммәсін бұл хабардың жеткізіпті.

Қасында әлгі жігіт отыр таяп,

Айтпаққа білген ісін сұрамай ақ.

Қалайцша оқиғаның болғандығын,

Айтады ұғындырып бастан аяқ.

Қызымның падуатқа салдырмағын,

Қайламен уәзірдің алдырмағын

Он солдат аман есен алып барса,

Шет елге осылайша қалдырмағын.

Тағатқып естіген соң тұра алмады,

Мойынын бөтен іске бұра алмады.

Қасына солдат ертіп сайман киіп,

Жөнелді бір Алланы қуат көріп.

Тілейді қызды алсам деп құдай қосып,

Басында естіген соң қалды шошып.

Аллаға нияз айтып жалбарынып,

Жатыпты қыздың жүрер жолын тосып.

Атарын қысып жүріп зорығыпты,

Кездеспей көңілдері торығыпты.

Аң-таң боп қалай кетті деп тұрғанда,

Он солдат түс кезінде жаолығыпты.

Жолыққан он солдатқа қарсы шықты,

Тілеуі қыз жігіттің тура шықты,

Топ қылып он солдатты байластырып,

Ғашығын кеткен жерде тартып алып.

Табылар теріп жазсам сөз ыңғайы,

Жазбаймын жалқау тартып сөзді ұдайы,

Жолыққан тосын келіп кім демеңдер,

Осы екен солдат пенен қыздың жайы.

Қызды алды күйме бұзып аузын ашып,

Басында естіген соң қалды сасып,

Әр жерде аялдады он үш солдат

Көңілі қызды алған соң суша тасып.

Азырақ аял етіп бұлар тұрды

Білген жоқ ешбір адам біздің сырды.

Жол жауып құтыламыз қайда барсақ,

Дейді де ақылдасып кеңес құрды.

Патшаның баласының аты Самар

Жасынан біледі екен әр- түрлі амал,

Кетпесек болмыс деді бөтен жерге,

Падиша қол астынан бізді табар.

Жігіттер жақсы абыйыр біз құтылсақ,

Масқара ұят болад қолда қалсақ

Білінбей хабарымыз кетер еді,

Еліне бөтен патша қашып барсақ.

Пір әділ падиша бар күн шығыста,

Жетеміз тынбай жүрсек жазбен қыста

Осындай алыс жерге жүріп кетсек

Қалайша қам болады бұл жұмыста

Осылай ақылдасып жүріп кетті

тоғыз ай арада он күн өтті

Әлгі қыз екі қабат болған екен

Күні бітіп босанар уақыт жетті

Бір бұлаққа тоқтайды бала туып

Нәжісін қызда жалдам алды жиып

Қолың шаң қуғыншыдай көрінеді

Бұларға арт жағында шықты жуық

Біреуі байқамаққа басты қадам

Боларма бек қорқыныш бұдан жаман

Артында қараң-құраң толып жатыр

Көрінді мылтығы бар бір топ адам

Көрді де әлгі жігіт айтып келді

Сыпырды қысылған соң аққан терді

Артында қанша барын байқамадым

Көрдім деп он сақты әскер айтып келді.

Сасқан соң ат тұрманын әзірледі

Қашырып ойдан ақыл бастан миын

Салт аты сабау қамшы бөгеті жоқ

Жас бала жаңа туған болды қиын

Қыз айтты тоқтаңыздар саспалық деп

Пәледен құдай қосса қашпалық деп

Қол байлау бәрімізге бөгет болар

Баланы осы араға тасталық дейд

Байқұс қыз айтсадағы қиналды бек

Бұл сөзін жолдастары көрмеді тек

Баршасы осы сөзі мақұл деді

Қыз байқұс айтып еді сынайын деп

Жылады қыз бишара төгіп жасын

Жаны ашып іші күйіп шайқап басын

Баланы өзім қалай алып жүрем

Меніңде масыл боп тұр ғазиз басым

Самарда қағаз алып жазды хатты

Далаға тастамақ боп асыл затты

Хатпен бірге далаға тастамақшы

Бала мен алтын күміс не қымбаты

Қалтырды үш бу нәрсе баламенен

Қарғызсыз кім тауып алсадағы аманаты

Баланы осылайша кетті тастап

Басына алтын күміс асыл тастан

Шырылдап бала қалды елсіз жерде

Қара үзіп қиын болды белең аспақ

Қашқандар осылайша кетті тастап

Баланың уатайын мауқын басып

Үшінші әңгіме бір сөз бастап

Сіздерге тыңдатайын көңіл ашып

Жау бар деп бұл қашқандар алды секем

Бұлардың сескенгені әлде не екен

Бұл жауда бір жеті ұры жүреді екен

Жері екен орналасып қойған мекен

Жетеуі бұларды да да көрген екен

Бәріде көрсе қоймас мерген екен

Әлгі кісі шыққан жер осы ақ қой деп

Биікке қарауылшық келген екен

Қараса көрінбейді ешбір адам

Бір керемет көрінді жарқыраған

Немене айдаһарма деп ойлады

Баспады қорқып бұлар жалғыз қадам

Біреуі ер көңілді адам екен

Ол жатқан алтын шығар алам деді

Айдаһар алмас жанды құдай алар

Үйде өліп тағдыр жетсе қалам деді

Атына жүріп кетті қамшы басып

Құтылмас ажал жетсе пенде қашып

Айдаһар болса қазам жеткен жері

Құдайым алтын болса берген кәсіп

Қасына жолдас алмай шықты дара

Жігіт болсаң осындай іске жара

Басында алтын күміс асылы мен

Шырқырап жылап жатқан бір жас бала

Балаға жақын келді аттан түсіп

Алтынды көргеннен соң көңілі өсіп

Көрді де жолдастары шауып келді

Кез келіп олжа ілініп құдай берді

Баланы жабдығымен жұлып алса

Жазулы бір қағазды көзі көрді

Қағазды көрді бұлар қолына алып

Біреуі танымайды жалғыз қарып

Сүйтседе тегін қағаз емес қой деп

Тапқан кісі кісесіне қойды салып

Баланы үйлеріне алып келді

Уатып алдына алып тамақ берді

Бұлардың бала асырар әйелі жоқ

Баланы уаталмай азап көрді

Жас бала уанбады тамақ ішіп

Айналды жылап жатып күн өтуге

Бұл баланы апарып бір ауылға

Алмасақ болмас деді асыратып

Баланы бір қалаға алып келді

Қаладан қарастырды әрбір жерді

Бар екен бір кемпір шал баласы жоқ

Баланы асыра деп соған берді

Кемпір мен шалға айтты сізге келдік

Адам деп қамал зара іздеп келдік

жеті жыл асырап тәрбиеле

Бір түйе бір ат береміз дейд

Баланы сол кемпірге беріп кетті

Тәуір ақ адам десіп қалал ниеті

Жеті жыл асырады әлгі кемпір

Балада жеті жасқа келіп жетті

Жеті ұры асыратты бала беріп

Жүреді мекен қылған дала жерді

Жеті жыл болды баланы аламыз деп

Бір түйе атымен ала келді

Жеті ұры баланы іздеп келді

Баланың ер жеткенін бұлар көрді

Айтысқан ат түйесін бұлар берді

Бұлар кетті баланы алдына алып

Баласын баулаймыз деп үйге апарып

Біреуі айтты молдаға берейік деп

Түзулеп дін жолына жүрелік дейд

Аң құсап босқа жүрміз надандықпен

Біреуіміз танымаймыз жалғыз ғарып

Өліп кетсек көмерлік біріміз жоқ

Кебіндеп көрге салып жаназа оқыр

Кеп қапты есептесек жасымызда

Қалал деп бір ішпедік асымызды

Бұл бала оқу оқып ғылым білсе

Қаратар қелсек оңға басымызды

Өзімізбен бірдей надан қылсақ

Көрерме құдай мақұл осымызды

Баршасы осы сөзді көрді мақұл

Жабылған болды десіп бұл бір ақыл

Тірі болса жеті жыл оқысын деп

Бермекке молданы іздеп келе жатыр

Көңіліне бұлар алды қалал ниетті

Қалаға қайта жүріп келіп жетті

Бір үлкен сол қаланың молласына

жеті жыл оқысын деп бұған келді

Танысын сізден аз жыл ғылым біліп

Баланы сол моллаға берді дағы

Жеті ұры мекеніне кетті жүріп

Бір түйе бір ат бермек болып

Молдамен қол алысып уәде ғып

Жеті ұры мекеніне кетіп қалды

Балада құдай қойса жетіп қалды

Баланың атын молда сұрайын деп

Шақырып жақынырақ қасына алды

Қасына ап шақырды да жаным балам

бағыңды ашып енді Алла Тағалам

Талап жанып, ақтан тілеп оқып қара

Көңіліңді ешнәрсеге қылмай алаң

Дүзік деп ойлап тұрмыз затыңызды

Оқытып орындармыз датыңызды

Атыңның аруағына дұға қылат

Әкеңмен айтшы балам атыңызды

Бала айтты білмеймін әкем атын

Жетімге құдай салсын марқабатын

Өз атым тағыда жоқ атам қойған

Тілегім жалғыз сіздің шарапатың

Басымда бір сырым бар елден ерек

Байқаймын жеті ұрының заты бөлек

Бір қашқан қыз жігіттен пайда болып

Бойында бір бұлақтың қалсам керек

Көңілім оқыса деп болды құмар

Пендеңде не жұмыс бар Аллаға ұнар

Сол бұлақтың бойынан көп кешікпей

Кездесіп тауып апты мені бұлар

Содан соң өздерімен бірге қоймай

Беріпті бір кемпірге асыра деп

Кемпірден алып тағы сізге берді

Ақыры тоқтап тұрмын үш бір жерге

Атым жоқ мен бір ғаріп өзім жетім

Тірі құл көрер қақтың құдіретін

Бүгінде тілім шығып есім кірді

Оқымақ ғылым жүзін бар ниетім

Молдекең алмаспын дейді сенен ақы

Жетімді тәрбеилеу тәңір қақы

Азапты әр нәрседен көрерсің деп

Баланың атын қойды Азат бақыт

Сонан соң сабақ берді әліппеден

Болдың деп шыны пенде құдай сүйген

Күндіз түні ойнамай сабақ оқып

Желп етіп балалық қып шықпады үйден

Ұрылар уағда қылған жеті жылға

Оқудан басқа өнер жоқ таланты ұлда

Молланың бар білгенін біліп алды

Сабақты тынбай оқып жеті жылда

Жеті ұры кеңсе құрды ойластырып

Жеті жыл болды ма деп есеп құрып

Ат жүйесін жетелеп баланы іздеп

Қалаға қүдірместен келеді жүріп

Сөйлесін надандықтан бір қызық сөз

Қалаға бұлар жетті кідірмей тез

Қаланың бергі шеті бұшпағында

Бір бала атын алған болады кез

Есекпен отын терген бұл бір бала

Жетеуін байқап көрген бала жаңа

Жолда тұрған балаға бұрылмастан

Жеті ұры желше зулап жүре берген

Шақырды әлгі бала қатты айқайлап

Қайрылып келе кет деп ағатайлап

Бұл не деген бала деп бұлар келді

Сайрап тұр тоты құсша көзі жайнап

Балаға шақырған бұлар келді

Әдеппен бала бұған сәлем берді

Жөн сұрап танысайын деп шақырдым

Қаладан көрмеген соң сіздей ерді

Бұлар айтты жеті ұры біз боламыз

Несіне жасырынып ұрланамыз

Келеміз бұл қалаға соның үшін

Бар еді молаңызда бір баламыз

Бұл шаһар туып өскен біздің қала

Ашық қім қандай еді, сіздің бала

Атымен таппасаң танымайсыз

Құр бекер бос балаға жаппа жала

Ұрылар бұл сөзді естіп есі кетті

Жоқ еді баламыздың аты депті

Балаға ат қоймаған қай надандық

Деді де әлгі бала жаман сөкті

Балаң, бар бұл шаһарда күні бүгін

Деді де есегіне артты жүгін

Молдасы танымаса бере қоймас

Ақыры Алла оңғарсын істің түбін

Ұрылар бұл сөзді естіп кетірді есті

Танимыз қалай біліп мұны десті

Ей балам өзің танып білемісің

Анық білсең не алсаңда бере едік

Пайдаға қызықпайтын бала болсаң

Нетеді құдай үшін айтып берсең

Бала айтты белгілі ғой сынасаңдар

Надандық енді аңқаулық қылмасаңдар

Балағып асыраған қақыңды айтып

Көрін деп құдай үшін жыласадар

Көңіліңді алаң қылмай қақтан тілек

Зорланып шыныңды айтып жыласаңдар

Бір белгі берер сонда балаларың

Жетеуі бұл сөзді естіп жүріп кетті

Айтқаны бұл баланың ақыл десті

Молланың қақпасына атын байлап

Үйіне сәлемдесіп кіріп келді

Сұрады молда сонда кім едің деп

Қандайлық жұмыспенен жүр едің деп

Жат жердің адамдары секілдісіз

Айта бер менде болса жұмысыңыз

Бұлар айтты біз сізді іздеп келдік

Қақ пайғамбар қалал ниеті адам көрдік

жеті жыл уәдемен балла беріп

Алуға ат жүйеңізді ала келдік

Молда айтты қалай-қалай сөйлесіздер

Балам бар деп өтірік қоймайсыздар

Ұмытып жүрген болсам мен білмеймін

Сендерді жұмысымда қашан көрдім

Бұлар айтты молдаеке сөз беріңіз

Сіздің бізді Аллаға аян көргеніңіз

Құдайды ауызға алып уәде ғып

Қалайша бүгін бізден жирендіңіз

Жаратушы бір өзі куә болар

Біздің анық баланы бергеніміз

Молда айтты мұнда бала толып жатыр

Біреу келіп біреу кетіп жатыр

Көбісі- күн бітті деп жалға алып

Жаңадан біреу бала беріп жатыр

Шығады уәдем бар деп сөзің өктем

Қолыма біреу келіп біреу кеткен

Балаңыздың атын айт ойланайын

Ұмытып жүрген болсам көпшіліктен

Ұры айтты жоқ аты баламыздың

Тілеп едік шарапат жалғыз сізден

Надандықпен балаға атын қоймай

Буылып тоқтап тұрмыз бүгін сөзден

Алланың аты менен үш қайтара

Сұраймыз анықтығын бүгін сізден

Молда айтты бері қара өңшең мұңлар

Қанша айтсаңда шындық жоқ өңшең қулар

Балалар сабақта отыр бөлегі жоқ

Ішінде балаң болса танысаң ал.

Алла деп медіресеге бұлар келді

Жаутаңдап әр балаға қарай берді

Танымай өз баласын өскен соң

Зорланып құдай үшін көрін деді.

Басынан істің өткен бәрін терді

Жасыңнан біз баққызып келдік деді

Бар болсаң алу үшін келдік іздеп

Балаң жоқ деп молда тұр күдер үз деп

Бар тұрып көрінбесең, жасырынып

Аллаға біз жүреміз табыс қылып

Белгісіз болды өскен соң сенің тұсың

Өсірдік азап шегіп білемісің

Ойласаң асыратқан қақымызға

Ұнайма құдай үшін бір көрінген соң

Ұрылар әр сөзді айтып зарлай берді

Шын ниетте жылауын бала көрді

Аман бол қайран қалқа деген шақты

Орнынан мен мұнда деп түрекелді

Әбүйір молда алмады жалған сөзбен

Бір бала үшін жетеуі жиһан кезген

Орнынан мен мұнда деп тұрған шақта

Баланы атты молда оқты көзбен

Бұлар айтты жасырдың ботамызды

Жасырған біз кешелік қатаңызды

Уәделі атың мен түйеңді алда

Беріңіз құдай үшін ботамызға батаңызды

Молда айтты көп сөйлетпей ақымды бер

Тыятын сендер емес мені тергер

Алды да ат түйесін дұғалап бата берді

жеті жыл еңбегімдей бейнет көр деп

Батасын түзу бермей қадап берді

Молданың бұл қылығы ішке сыймай

Мұз болып ұрылардың ішінде жата берді

Жеті ұры намыстанды ыза болып

Құдай деген молдасы сөзден безіп

Молданың мал шаруасын ұрламаққа

Үшеуі сол қалаға келді атанып

Молданың мал сайманын аламыз деп

Үшеуі жазым болып қолға түсті

Түскен соң қолдарына болды ғаріп

Тастады ұрып соғып басын жарып

Азабын тартқыз мына иттердің деп

Үшеуін падишаға берді апарып

Дараға үш ұрыны алып келді

Мойнына дара шынжыр салып келді

Өлерін бұл үшеуі анық білді.

Падиша үшеуінде ас деді тез

Осындай жазықтыны өлтірем тез

Үшеуі өлетінін білгеннен соң

Датымыз падишахка бірауыз сөз

Сөйле деп жарлық берді жөнін жауып

Ұзатып көп сөз айтып жүрмеңдер өрге шауып

Бірауыз сөз ұлықсат бермей қойсам

Болармын тіпті теріс шариғатқа

Сөйлейік ұлықсат бер падиша һәм басымызға

Рақым сол құдай үшін көзден ақан жасымызға

Берелік бір шаһизат тарту етіп

Мақұл деп илансаңыз осымызға

Демейміз бұл жауапты басқа шығын

Ойларлық падишамыз істің түбін

Баламыз шаһизада бір шаһизат

Сенбесен молданыздан сұра қандайлығын

Ойлады патша сонда білейін деп

Жіберді кісі салып молдасына

Баласы шаһизада жақсы болса

Құр бекер қалмайын деп көз жасына

Баланы ал деп айтты молда келіп

Ұрылар сізге береді тарту етіп

Балаңды олай болса алдыр деді

Падиша молдасының тіліне еріп

Баланы падишаға бермек болды

Ұрылар өз басының қамдарын жепті

Баланы падиша алды затын біліп

Босатты ұрыларды азат қылып

Баланы патша үйіне алып барды

Ұнатып әр жауабын затын біліп

Баланы байқап патша сынап жүрді

Шыны бек патшалыққа қылған ісі ұнап жүрді

Баласы жоқ падиша еді мұның өзі

Бала қып алайын деп ойлады өзі

Патшаның бар болатын «он екі уәзірі

Кем емес патшадан мұның өзі

Бұл ақылын падиша соларға айтып

Бала қылып асырамақ сөздің түбі

Бұл сөзді мақұл деді уәзірлер

Мұныңыз бір табылған ақыл деді

Бір баланы болдым деп қабар салып

Той жасап қол астыңда шақыр деді

Қатыны патша сөзін мақұл көрді

Әзілмен күейуіне былай деді

Тоқалды алғызбап ем қарсы болып

Ішімде қарыз сөзін жатыр толып

Баланы қатыны да ұнатыпты

Асырап алалық деп асыл заты

Уәзір қатынымен ұнатқан соң

Падиша әр шаһарға жазды хатты

Бір балалы болдым деп хабар салды

Жиналды аяқ жетер жаман қалқы

Неше мың жүз жамағат жиналған соң

Улығы тамашалы той жасапты

Той жасап балағылып алды асырап

Құдайдан бір адамнан әкі сұрап

Азат бақыт өнерлі өзі ғалым

Зейіні падишадан артығырақ

Әкесін Азат бақыт сыйлап жүрді

Ғаділсіз жағдай болса біліп жүрді

Әділ болса ел жұрты ренжірме

Әр бақыр қайғылы боп жылап жүрді

Бір күні әкесіне айтты бала

Ай ата құлағың сап бері қара

Дүниенің пайдасына қызығам деп

Көңіліне пақырлардың салма жара

Қандай адам болса да өлуі хақ

Алдында теңгеруші қақ тағала

Халқына әділетсіз болған патша

Болады қияметте жүзі қара

Патша айтты мына сөзің рас балам

Сақтасын жаратушы қақ тағалам

Әділдік мен айтамын өз алдымда

Бұзбашы уәзірім бәрі де арам

Ой ата ондайларды достық көрме

Ойланып ыңғайына жүре берме

Қияметте боласыз сіз жауапкер

Бұзықтың қошаметтеп тіліне ерме

Осылай сөз сөйледі бала пақыр

Падишаны бала сөзін көрді мақұл

Бар жағдайды баламен шешетін боп

Содан кейін уәзірге салмады ақыл

Патшаға бала сөзі болды бейім

Демейді уәзірмен кеңесейін

Патша баламенен кеңескен соң

Атанды әділ патша содан кейін

Арызғып жыламайды бір адам келіп

Патшаға бала сөзі болды ма сеп

Әділ мұнша патша болғанына

Ойлады көп жамағат баладан деп

Әкесін әділ етті бала ғаріп

Әділдің халық алдында жүзі жарық

Ақылдас баласымен болғаннан соң

Береке қол астына кетті дарып

Патшаны уәзірге тілдестірмей

Сөйлейді ғаділдік пен сөзді жарып

Ғаділдік түзу жолмен жүргеннен соң

Бейнетке қайта түссін бала ғарып

Үшінші әңгімесін айтып бердім

Тілімнің жеткенінше сөзді теріп

Баланы қайта азапқа түсіруге

Төртінші әңгімеге тағы келдім

Баламен болғаннан соң патша ақылдас

Он екі уәзірге жайға қалмас

Падиша ақылына алмағаннан соң

Баламен уәзірлер болады қас

Айтады уәзірлер не қыламыз

Біз қалай бұл баладан құтыламыз

Біздің айтқан сөзіміз алынбайды

Падиша іс қылмады бұл баласыз

Бала тұр падишаның өз қасында

Себеп боп елмен жұрттың көз жасына

Бұрыннан падишаны әдет екен

Аң аулап шығады екен ай басында

Аң қуып сақараға барад екен

Ат жүгіртіп бүркітін салад екен

Қашан айдың басында саяқ құрса

Қасына уәзірлерін алады екен

Тағыда аң қумаққа патша дайындалды

Қаз мойын таң асырып майда жалды

Ертең ерте саяққып аң қуалық

Келсін деп уәзірді шақыртады

Ақыл сап уәзірлер айтыпты сөз

Падиша басқа ақылын салмай қойды

Жалғыз аң қуарда керегіміз

Бұл баладан құтылу қамын ойлап

Қалалық бармай үйде бір екеуіміз

Таңертең оны кетті мақұл көріп

Саяқа падишаның қасына еріп

Үйінде қалды бармай бір екеуі

Құртпақшы бұл баланы қастық етіп

Падиша алаңы жоқ қалды кетіп

Аң қуып келіп ек деп көңіл етіп

Кеткенін көріп тұрып әлгі екеуі

Үйіне падишаның келді жетіп

Екеуі кіріп келді есік ашып

Қол беріп баламенен амандасып

Тоқымын падишаның қағамыз деп

Отырды күліп сөйлеп қалжыңдасып

Бәйбіше падишаның тоқымын қақ

Не мұқтаж құдай арнап берді ғой бақ

Отырып мәжіліс қып біз ішелік

Бізге азырақ ішуге ішкілік тап

Бәйбіше айтқаннан соң қылды назар

Патшаның өз үйінде бәріде әзір

Сәті болса бір жұмыс істейміз деп

Ішінен ойлап отыр екі уәзір

Үстелге әкеп қойды екі шерік

Іш деді стақанды әкеп беріп

Жетеді қанша ішсеңде екеуіңе

Құмартып келсеңіздер болып жерік

Бәйбіше біз емеспіз бұған жерік

Нәрсе ғой көңіл шаты қызба желік

Шын бізді қонақ етіп сыйласаңыз

Төртеу боп бір ішелік мәжіліс қып

Патшаның қалып ойған дастарқаны

Мүбәрак үстеліне келіңіздер

Ас тәтті иесімен деген қайда

Жалғызы падишаның шапи мырза

Келіңіз Азат бақыт қарақ мұнда

Ішпесеңде құйып бер қызымет қып

Әкеңнің біз заманнан жолдас едік

Солардың бірін қайыр болсын қалал

Ішіңіздер өздеріңіз ағат ойлар

Сөйлесем сандуғаштай тілім сайрар

Өлімге бас тартпаймын айдасаңда

Ішетұғын жайым жоқ қуанып алдар

Қинама дұрыс емес бұларыңыз

Келген құрмет етіп жүрміз ғой

Арақты ішпесіме Ант еткенмін

Іше бер рақымет өздеріңіз

Баласы бұл екеуін тоқыратты

Не қайла істеймз деп отырады

Бұл бала ішпеген соң далбасы жоқ

Ішіне сарыуайым толтырады

Айтады бәбішеге келіңіз деп

Қолыңнан құйып өзің беріңіз деп

Арланып бізге арақты құймай қойсаң

Мойыныңа қылған қызмет тереміз деп

Жігіттер бұл айтуың айру соқпа

Айтайын ұғындырып біраз тоқта

Ибадат бір азырақ ұят керек

Ішкенім ұнамаса патша жоқта

Бәйбіше баласымен ішпей безді

Уәзірлер бастады бір өткен сөзді

Қатының ішпесіне қояр емес

Боларын бір сұмдықтың бала сезді

Айтады бастан аяқ көргендерін

Тартып алып солдатын келгендерін

Жолдас боп қиятейік елден шығып

Сөйледі екеуіне ергендерін

Айрылдық сендер үшін ата-анадан

Аға-іні қатын бала бәрі қалған

Сіздердің әлі жүрміз тілегінде

Істерің орнықсада көңілге алған

Жолдаспыз қияметтік демедіңдер

Бүгін ақ ол сөздерің болды жалған

Басында болып едік бір ниеті

Бұзып тұрсаң бізге нақ айтқан сертті

Ішпесең мәжіліс қып бізбен арақ

Берерсің ақымызды қияметте

Бәйбіше ішпек болды сөзден босап

Амал жоқ не істесін мына гәпке

Отырды бәйбішеде қасына кеп

Жетем деп қол алысып айтқан сертке

Арақты құйып берді өз қолынан

Басына қандайлық іс кеп түсті

Айтады уәзірлер бәйбішеге

Тіл алмас сөз айтамыз қай кісіге

Іш деңіз шақырып ап балаңызға

Тіліңді алғызушы ең жай кісіге

Аз ішіп бәйбіше де қызып алды

Бұлар дұшпан емес деп құдай барлы

Шын менен туған болсаң бері кел деп

Бәйбіше баласына айтып салды

Бала айты дұрыс емес мұның шеше

Сізде анық десең арақ ішпе

Ішімдіктің адамға пайдасы жоқ

Ішуден мені тияр сіз емеспе

Ішіңіз үшеуіңіз ойнап күліп

Ескіден жолдас бопсыз бірге жүріп

Іш деп мені қинама тілегім сол

Сіздерді мен күтейін қызымет қып

Баланы уәзірлер өсектеді

Мінезі балаңыздың кесек деді

Ана тілін шын туса алар еді

Мұнысы өгейлік деп есептеді

Балаңыз өгейлігін білгізді ғой

Біз мұны сізден туған десек деді

Бәйбіше арақ құйып жалғыз ішті

Адамды отқа салап ыза күшті

Шын менен туған болса бүйтеме деп

Жарылып мастық пенен ыза қысты

Анық туса қасыма келмес пе деп

Көзінен жас жіберіп қайғы қысты

Қорғанып өгейліктен бала келді

Арақ іш деп бұларда тусаң анық

Ыстық қанды толтырып құйып берді

Ішпеймін деп шынымен тұрса тыңдап

Шешесі ызаланып отыр жылап

Қошемет күлісті уәзірлер

Мәжілісеп ішеміз төртеу ара

Баланы сыйлап жатыр арақ беріп

Олдағы ішті басынан кетіп ерік

Тағдырдың жазуы бар бұларда ішті

Азғырған уәзірдің сөзі күшті

Баламен бәйбішенің екі кетті

Мас қылып ішкен арақ есінетті

Айтайын қайсысы бірін мұңын теріп

Біреуі төсек салды түрегеліп

Шіркін ай балам мұндай кесек

Төсекке бұл екеуін жатқыза сап

Ойлады падишаға тез жөнелсек

Құдайдан тілеп алған жалғызыңыз

Көңілдес әйеліңмен екен десек

Деді де жауып салды айқастырып

баланы іш тарлықпен жіберді ұрып

Есікке замок салып бекітті де

Артынн падшаның кетті жүріп

Мерзімді жерінен алды тауып

Патшаға екі зәлім сөз сөйледі

Баламен әйеліне жала жауып

Айыпты болдық тақсыр бүгін сізге

Ұялып зорға келдік өзімізге

Айтуға ауыз шіркін бармай тұр

Ғажайып бір іс көрдік үйіңізде

Іс көрдік жан көрмеген бір ғажайып

Таңқалдық тосын көріп өзімізде

Біз келдік көрсетуге өзіңізге

Тез жылдам үйіңе жүр көрсетейік көзіңізге

Балаңыз бәйбішемен көңілдес екен

Төсекте құшақтасып бірге жатыр

Жай болса ондайлық іс бола ма екен

Төсекті крабатқа сала мекен

Ойдағы жұмыстарын бітірген соң

Құшақтасып ұйықтап қапты

Тез көзін бұл баланың жоғалтпасан

Кетеді үстіп жүріп басыңызда

Падиша мына сөзге қайран қалды

Рас деп тұр құдай барды

Иланып болса болған іс шығар деп

Атының басын бұрып жолға салды

Патшаның жүзі сынып қалды жасып

Үйіне шауып келді өңі қашып

Рас болса айтқандай жатыр ғой деп

Қарады төсегіне есік ашып

Құшақтап ұйықтап жатыр екі пақыр

Падиша не қылам деп ойлады ақыл

Көңілінде алаңы жоқ Аллаға аян

Мас болып құлап жатыр екі пақыр

Падиша біле алмады мас екенін

Бұлармен уәзірлердің қас екенін

Арақ беріп мас қылып жығып салып

Түбіне жеткен жері осы екенін

Падиша мұны көрді есік ашып

Жүрмеді босағадан қадам басып

Жауып қой деді апарып абақтыға

Өлтірем деді ертең дараға асып

Падиша осылай деп шығып кетті

Көзіме көрсетпе деп қара беті

Мастығын білгізбеске уәзірлер

Ұрып соғып бұларды сүйрелепті

Екеуін екі бөлек қойды жауып

Ақымақ бұзылды деп нәпсі ауып

Ішінен қуанып жүр уәзірлер

Баладан құтылдық деп ебін тауып

Аздан соң есін жиып алды бала

Ойлады жәрдем бер деп өзің Алла

Дұғасы ұстазымның қабыл болып

Миқнат қосқан екен қаһ тағала

Осылай ой ойлады уайым жеп

Басына кездескен соң ұайып кеп

Ісім ақ көңілім қақ өзіңе аян

Тәуекел бір өзіңе құдайым деп

Асарда жендет дабыл қағады екен

Дараны шаһар халқы бағады екен

Көрсетіп көпшілікке кінәліні

Мойынына дардың жібін тағады екен

Жендеттер ерте тұрып дабыл қақты

Ел жиылып көруге дарды ақты

Құдайым жәрдем беріп сақтамаса

Шырқыратып өлтірер неках жасты

Падиша өлім жерге келіп тұрды

Бұйрығын тез өлтір деп беріп тұрды

Кім екенін біле алмай күнәлінің

Келген ел көзін салып төніп тұрды

Жендеттер баланы айдай келді

Мойнына бұғау салып қолын байлап

Күнәліні білген соң бала екенін

Тұрған ел тілеп тұрды я құдайлап

Туған ел мұны көріп жылады зар

Уа тақсыр мұның қандай жазығы бар

Сұрады падишадан елі өтініп

Патшаның зәрі қатты жарлығы тар

Падиша айтты бұл баланың жазығы көп

Бұл істі тумасада көрмеуші едім жек

Құдайдан қорықпастан қастық қылды

Күтушы ем тәрбиелеп жалғызым деп

Шөп салды өгейлк қып өз көзіме

Ел айтты бір Душпаның сөзі шығар

Көрдің бе рас болса көзіңізбен

Патша айтты рас өзім көзбен көрдім

Бұл жерде тілемеңдер менен тілек

Жүрмеспін бетке шіркеу салық қылып

Баланың мойнына әкеп шынжыр салды

Астынан тамағының іліп алды

Өзім көрдім көзімен дегеннен соң

Көпшілік сөз табалмай тұрып қалды

Балаға мұны қосқан құдыретім

Қас болып уәзірлер түпке жетіп

Баланы дарға тартып жібергенде

Көрінді қырық шілтен еренғайып

Жоғары көтергенде тірі қалып кетті

Көпшілік шуылдады мұны көріп

Ай тақсыр адамда емес Аллада ерік

Баланың ақылы аян болғаннан соң

Құдірет жәрдемдесті көмек беріп

Падиша айтты қылмысы көп сөзі жалған

Көңіліме дұшпан қайғы салған

Қалай шынжыр үзілді себебі бар

Су тиіп тат басқан соң шіріп қалған

Екінші шынжыр байлап тағы тарты

Баланың Аллаға аян көңіл ағы

Үзіліп тағы түсті сау сәлемәт

Құдайдың ода болса бергені ----

Баланы үшінші рет тағы тартты

Заңды бұзып Падишаны қара басты

қырықшілтен ерен ғайып шынжыр тағып

Сақтады құдай аман неках жасты

Баланы үшінші рет тағыда асты

Шырылдатып сабайды асыл жасты

Жоғары көтергенде тағы үзіліп

Сақтады періштелер неках жасты

Тұрған ел мұны көріп бұзылысты

Падиша істеп тұр деп бұзық істі

Баланы падишадан тартып алып

Істеді тұрған халық қызық істі

Туған ел мұны көріп тұрды қарап

Аярлық жара түсіп жеген таяқ

Патшаға бала сонда жауап қатты

Қасына барып тұрды қорықпай-ақ

Ай ата қапаланба босқа күліп

Душпандық істегем жоқ сізге тиіп

Некахпын сізге зиян істеген жоқ

Уәзірге пәле жапты қаны сұйық

Дараға мен өлмеймін асқанменен

Ажал жоқ өлтірем деп сасқан менен

жеті жыл бетімен жүрдім сіздің қолда

-------------------------------------------

Ажал жоқ маған өлетұғын

Айтқан мен сізге сөзім шығын

Білмеймін онан ары не боларын

жеті жыл бейнетім бар көретұғын

Ай ата құлақ салсаң сөзін дұрыс

Мұндай іс жалғыз бізге болған емес

Сары алтын сабыр түбі деген қайда

Сабырғып байқағанда опық жемес

Жақсылық жамандықпен тең болмайды

Адам зат адал жүрек кем болмайды

Қанша зарлап айтқанменен менің сөзім

жеті жыл болмайынша ем болмайды

Падиша ой ойлады ғажайып деп

Дара тартпай болып тұр жанына сеп

Тыңдайын білгеніңді айтшы деді

Алып ақ келіп едім өлтірер деп

Болыпты өткен күнде қандайлық кем

Бұл бала сөз бастады ойдағы ісін

Болуы анық өтіріктің айтам несін

Жүз алпыс жасқа келген қариямен

Естіп пе ең тоты құстың әңгімесін

Болыпты көп жасаған үлкен кісі

Өзінің аймағына жеткен күші

Жасынан асыранды қол балапан

Болыпты қарияның тоты құсы

Асырап құсын сыртқа жібермепті

Қолында он екі жыл түлетіпті

Еліме тым болмаса бір мәрте жіберші деп

Тоты құс қариядан тіленіпті

Жылапты көз жасыма қараңыз деп

Келермін жаз шыққанда қайтқан кұспен

Бұл сөзге куә болсын жаратушы

Келейін сіз жіберсең бір қыс барып

Қария жіберейін деді құсын

Арманда осы болса ойдағы ісің

Бір Алла куә болсын осы сөзге

Алдамай жаз шыққанда келемісің

Құс айтты тірі болсам қайта басам

Қарыз етпе қаза кеп өліп қалсам

Деді де қария мен уәделесіп

Жөнелді тоты құсы көкпен ұшып

Қар жауа қарияның құсы кетті

Көк шығып жер жүзіне қарда кетті

Тотысын сағынған қария да

Санаумен жылдың айын бұлдағы ------

Бір күні қарияның келді құсы

Уәде орындалып ойдағы ісі

Құс еді келмейді деп ойлағаны

Тыңдағандай болды шалдың бір жұмысы

Қария тотысынан сұрады сөз

Тек жақсы аман болды келгеніңіз

Әңгіме болсын бәрін түгелдей айт

Ғажайып тамашалы не көрдіңіз

Тотысы сөз сөйледі бәрін көрдім

Тамаша неше түрлі халық көрдім

Бар екен қасиетті бір жемісі

Біразын сізге арнап алып келдім

Жемісімде қасиет шарапат көп

Қайтадан жас боласыз сіз жесеңіз

Бұл жеміс кәрі адамға пайда берер

Қасиетін жемістің әркім көрер

Сексен бес жасқа келген кәрі адамдар

Жиырма - он бес жасқа қайта келер

Қария ала салып жейін деді

Салуға аузына таман бейімдеді

Құс айтты жалғыз өзің жеп қоймаңыз

Пайдасын халық көрсін кейін деді

Өнеді бұл жемісін дұрыс ексең

Шығады біраз күнде мұны ексең

Пайдасын бұл жемістің халық көрсін

Асықпа бұл жемісті жейін десең

Қария тоты құстың тілін алды

Жемістің қасиетін біліп алды

Тәрбиелеп өндіріп байқайын деп

Сеуіп қойды оңаша жерге апарып

Көруге күнде келер шал жемісін

Асығып шыдамай жүр жегенше

Жайқалып жеміс шықты жер бетіне

Қуанады жас болам деп мұны жесем

Бір күні бір шалды ертіп тағы келді

Біреуін әлгі шалға алып берді

Мұны жеген кәрі адам жас болар деп

Жемістің бар жағдайын айтып берді

Аузына салысымен әлгі байқұс

Тіл тартпай әлгі арада дереу өлді

Шошыды мына жеміс у екен деп

Тоты құс алдамышты қу екен деп

Қария өзі жемей аман қалды

Өлтірді ертіп келіп мына шалды

Алдадың жөнін атпай жемістің деп

Тотының үйге келіп басын алды

Жеміс у болды деп өлетұғын

Халыққа жуыма деп хабар салды

Бар екен сол ауылда тағы бір шал

Өзіне түк бітпепті өмірі мол

Кедейде күн болама далбасы жоқ

Қарыздар бір жойытқа бересы бар

Ол жойыт ақша сұрап күнде келер

Шама жоқ мына шалда тауып берер

Ашуланып сөз айтты шалға келіп

Басыңды алам ақшамды бермесең деп

Менен тірі болмайсың осы бүгін

он теңгені он жыл бермедің деп

Басыңды қылыш әкеп қазір кесет

Деді де жүрып кетті қылышына

Шал байқұс тура қашты сасқанынан

Құдайдың кім құтылар қосқанынан

Көп жерге кетіп қапты жан ұшырып

Ойлады аман қалмас жаным мұнан

Жойытта келе жатыр шалды қуып

У жеміс шалға таяу тұрды жуық

Алладан иман сұрап сорлы байқұс

Өлуге удың жеді бірін жұлып

Құдайым себеп болды У жеседе

Пәле жоқ бір құдайым көмектессе

Жас жігіт болып кетті у жеген соң

Жойытта келе жатыр шалды қуып

Қылышын ыңғайланып өлтірем деп

Шал деп қуып келгені бір жас бала

Ойланып бұл қалай деп қалды тұрып

Сұрады бұл баладан шал көрдің бе

Шал боп келіп сиқырмен өзгердің бе

Кімде болсаң жөніңді айт тез келгенде

Жігіт айтты шалың не айтып тұрған

Кез келгенді қуалап ермек қылған

Есің түзу жындыдан аман болсаң

Басасың жемісімді жүр артаман

Жойытты қағып сөзбен жігіт сөкті

Аң таң боп бек ғажайып тамаша деп

Ізінше кетті жойыт үйге қайтып

Қуанып шалым қалды жігіт болып

Жемістің піскендерін жиып теріп

Жойыт ұзап кеткен соң бұлда жүрді

Баяғы жемыс салған шалға аяңдап

Сәлем беріп отырды шалға келіп

Қарияның қасына тізе бүгіп

Жөн сұрады жігіттен бұл қария

Қайдан жүрген жігітсің қарағым деп

Айтайын деді жігіт келгенімді

Есіктен кіре сәлем бергенімді

Тамаша мен сөйлесем бек ғажайып

Айтайын бастан аяқ көргенімді

Кедейлікпен келіп ем сексен жасқа

Көнеді баршасына құдай қосса

Қайтадан бүгін міне жас боп тұрмын

Замандас кешегі мен Шілдебайың

Бір жойытқа он теңге бермек едім

Елеңғып оны барып көрмеп едім

Өлтірмек болды жойыт ақырында

Он жылдан бері қарай бермеп едім

Бағана жойыт келді ақша сұрап

Жан жақтан екі теңге таптым құрап

Ақшамды түгел тауып бермедің деп

Басыңды кесемін деп айтты бірақ

Білген соң өлтірерін тұра қаштым

Кәпірдің қылышынан қатты састым

Білмеймін шыбын жаным ұшырды ма

Жойыттан бұрынырақ белең астым

Ойлағам жоқ тірі одан қаламын деп

Өлейін деп ойладым уыңнан жеп

Кәпірдің қаһарынан қалайын деп

Біреуін уыңыздың жұлып алып

Тұтасымен аузыма салдым бірақ

Жеген соң он бес жасқа қайта келдім

Кәпірден аман қалдым құдай сақтап

Сарғайып жемісіңіз піскен екен

Саудрап жапырағы түскен екен

Осындай қасиеті көп жемісті

Жинасаңшы қор қылмай жындымысың

Білмеді нанарында қария нанбасында

Жас болып тықылдап тұр шалқасында

Қария бұған қайран қалмасын ба

Қария көрейін деп уға келсе

20 жасқа түсіпті өзі жесе

Қайран тотым арманда кетіпсің деп

Сол жерде аузына алды әлде неше

Арманда боп қария жылап өткен

Қайтадан сексен жасқа келгеніңше

Тоты құс қаза тауып қапылыста

Опық жеп арманда боп бұларда өткен

Некахпын сол сияқты сабырғыңыз

Аллаға аян зияным жоқ көңілім таза

Жолдас боп әр адам жүр сізбен бірге

Солардың мінез құлқын бәрін біледі

Қайғырған арманда боп қарияда

Сіздағы сол сияқты жылап жүрме

Падиша бұл сөзді естіп ойланады

Байқайын не болады мұның артын

Баланы жап деп айтты қайта апарып

Асығып тез өлтіріп жаймайын құр

Шара жоқ жүріп кетті бала ғаріп

Жендеттер абақтыға қойды жауып

Болған соң падишадан мұндай жарлық

Қайғырып ел тарады үйді-үйіне

Опасыз алдамшы деп бұл дүние

Құдайым өзі жәрдем істемесе

Баланың кім қарайды жай күйіне

Патшаға келді уәзір кешкілікте

Азғырып сөз сөйлейді өлтірмекке

Қатынменен балаға пәле жауып

Айтқаны зәлімдердің бұл кеңесте

Патшаны көндіреді өлтіруге

Азбай қалай тұрады пенде емеспе

Таңертең жұрт жиылды дар ағашқа

Қайталау азғырғансоң демде емес пе

Баланы алып келіп тағы да асты

Бекініп обалына қарсы асқа

Себеп боп қырық шілтен еренғайып

Жоғары көтергенде тағы кесті

Падиша ызаланды дарасына

Баланы өлтірмекші қайтседағы

Иланып уәзірдің жаласына

Баланы падишадан тартып алып

Тұрған ел тағы түсті арасына

Патша деп бағынбаймыз керек десең

Өзгертіп бұл заңыңды түзетпесең, бұрыннан

Дара үзілсе қайта аспақ жоқ

Бағынбаймыз бұлпорпыңды өзгертпесең

Падиша тұрып қалды аңырайып

Халықтан сезілген соң мұндай байып

Шынында дара тартпай үзіліп тұр

Сабырғып байқайыншы не ғажайып

Бала тұрып сөйледі тұрған елге

Сабырғып бұзылмаңыз халқым сізде

Қайғырып тастайтуғын ештңе жоқ

Ай ата-қапаланбай тыңда сөзді

Бұл істен мен некахпын жауабым шын

Тексермей мені өлтірсең өкінерсің

Өлмеймін бейнет көрем жеті жылдай

Сабырғып асықпаймын оған дейін

Падиша жапқызды абақтыға

Бермейді өлтіруге көп халықта

Түніменен сөйлесіп уәзірлер

Болысты құдай өзі көңіл аққа

Пәлеғып жапқанменен неках істі

Ақтық жеңіп келеді бұл жұмысты

Азап шегіп жеті жыл миқынатпен

Бейнет көріп осылай өткізіпті

Жеті жыл өлмей аман өткізген соң

Уәзірлер өздері ара сөйлесіпті

Ертең патша баланы өлтірмесе

Ойлады ауады деп пәле бізге

Осындай абыйырдың бар шағында

Ойлады кетелік деп елге қарай

Патшаға түгел келді бірі қалмай

Болмыс деді ау жайын түсініп алмай

Тексеріп анықтаса бала жайын

Ойласты өлеміз деп тірі қалмай

Бұлар айтты патшаға келдік сізге

Құлақ қойып тыңдаңыз айтқан сөзге

Арызымыз аяқсыз қалар болса

Қайтамыз ұлықсат бер елімізге

жеті жылдай біз істесек бүйтер ме едік

Онанда өлген артық бұдан бізге

Алданып бір баланы өлтіре алмай

Тұрмадың уәдеде өзіңізде

Бұл бала сиқыр екен алдамышты

Білетін зәлім екен алдағы істі

Қылмасын өз көзімен көрседағы

жеті жылға жеткізді алдап істі

Ұлықсат бер қайтайық елімізге

Қоймайсыз қияметте кінә бізге

Өлтірмесең балаңды бізді босат

Кетелік осы түнде жөнімізге

Падиша уағда берді өлтіруге

Иланып әзәзілдің тіліне ерді

Таңертең баланы атпақ болды

Не болмаса қылышпен шанышпақ болды

Халықты өлім жерге жиылсын деп

Қағазға мөрін басып қойды қолды

Таңертең хабар салды оңды солды

Қайтседе өлтіруге тапты жолды

Падиша дар ағашқа әкелгенде

Бір адам шауып келіп хабар берді

Біреудің алтын ұрлап қолға түсті

Ұрыны падишаға алып келді

Баланы көргеннен соң ұры ғаріп

Құшақтап айғай салып көріседі

Ұрының баланы құшақтап айтып жылағаны

Ұры сонда жылады

Бауырына қысып баланы

Әр сөздің басын құрады

Қалайша тұтқын болдың деп

Жеткіншегім сорлы деп

Зарланып айғай салады

Сені тауып алған соң

Болып еді жолымыз

Оңға басып ісіміз

Алтын күміс алғанда

Есеге жеті қолымыз

Арылып еді сорымыз

Қапыда қолдан шығарып

Қырсық болды сонымыз

Сол қырсықтық аяғы

Берекемді ұшырды

Бүгін қолға түсірді

Таяқ тиіп басыма

Көгертіп көзді ісірді

Патшаға сені беріп ем

Қырсық шалды содан соң

Қолға түсіп қор болдым

Ұрлық қыла келіп ем

Болыпсың сенде жазалы

Құтқарып мен алар деп

Сені қуат көріп ем

Далада қалдың жасыңнан

Арылмаптау қарғамай

Сеніңде бейнет басыңнан

Далаға тастап ата-анаң

Қашып кетіп қасыңнан

Жастай көрдің жетімдік

Ата-анаң кетті жетімғып

Жолыңа жаным құрбандық

Сен үшін өлсек арман жоқ

Алтауында айттым жолыңа

Құлыншағым тірі шық

Алдым тауып бұлақтан

Елсіз дала жырақтан

Ата-анаң тастап далаға

Рақым салмай балаға

Жетімдікте ұнатқан

Арылмаптау бейнетің

Жасыңнан Алла жылатқан

Бұл жылауым шын ниетім

Жендеттер тұр атқалы

Жүрісі жылдам сынаптан

Уәзір тұр шапқалы

Суырып қылыш қынаптан

Құдай салса көнерміз

Әуелден қайғы бейнетке

Пендесін Алла шыдатқан

Сабыр қылып шыдайын

Тірлігіңізді сұрайын

Жетеуімізде құрбандық

Сен құтылсаң сұрақтан

Баланы қысып бауырына

Талып түсіп тұрады

Шынын айтып зарланып

Әр сөздің басын құрады

Зарланып тұрған ұрыға

Патша қайран қылады

Ойланып патша ішнен

Қасына келіп ұрының

Баланың жөнін сұрады

Ұрыда зарлап қоймады

Патша бұлай ойлады

Естіген сайын сөздерін

Жасауратып көздері

Азат бақыт өз балам

Бөлейгөр деп ойлады

Патша сөзін жайлады

Патша айтты ұрыға неден тұрсың

Әр тарапқа жіберіп сөз бұрышын

Байқап тұрсам бір сыр бар жылауыңда

Толық сөйлеп қандырып құмар құршын

Ұры сонда сөйледі барлық сырын

Осыдан 21 жыл өтті бұрын

Бір бұлақтың бойынан тауып алдық

Соның мен жасырмайын бірде бірін

Падиша айтты оларға қалай бардың

Балаға қалай кез боп тауып алдың

Ол жерден алтын күміс баланы алдың

Одан басқа не нәрсе тауып алдың

Сол тауда жүруші едік бір жеті ұры

Жасырып тастамайын менде мұны

Алтын жабдық күмістен басқа тағы

Жазған хат тауып алдық бүктетулі

Падиша айтты өлем деп уайымдама

Қандай қағаз екені ойыңдама

Сақтап жүрсең жоғалтпай сол қағазды

Бере тұршы оқиын бойыңдама

Қағазды олардан ала салып ем

Кесеме тастап кетпей сала салып ем

Небарын ол қағазда білгенім жоқ

Болған соң өзім надан сауатын кем

Кесеге қарап жатыр қолын салып

Қағазын тауып берді патшаға алып

Өлмейсің дегеннен соң дараң қағып

Падиша жазған хатты оқыды да

Жығылып сол арада кетті талып

Жазған қаттың жағайын білгеннен соң

Баланы құшақтады бауырына алып

Баланы құшақтап патшаның жылағаны

Патша сонда жылады

Баласына жаны ашып

Болып кете жаздап тұр

Ақылынан адасып

Демде жақын боп кетті

Бала менен жанасып

Қайран боп тұр ұрыда

Қасына келіп таласып

Сырттан көрген халайық

Ойлады жақын барайық

Не екенін біле алмай

Біріне бірі жол бермей

Таласып тұр анталап

Не боп қалды деседі

Жиылған халық қарасып

Жылап тұр патша ышқынына

Есін жиып ала алмай

Буынынан күш кетіп

Астым сені жалғызым

Өлтірем деп дарға

Себеп болды жаныңа

Тартпай қойды дарада

Өлтіруге бермеді елде түсіп араға

жеті жылдай пенде етіп

Тартқыздым қайғы дендетіп

Ауыр азап салыппын

Өзімнен туған балаға

Іріп шіріп құрттадың

Тесіктен сары су ұрттадың

Зардабынан тамақтың

Үстің шіріп жараға

Алдамыш пәни жалғанда

Жазалаппын арманда

Өз баласын жазалап

Алғыс айтар кым болсын

Мендей жүзі қараға

Падиша сабыр етіп біраз жылап

Баланың маңлайынан сүйіп-сипап

Тақсыр ау бұл не деген қандай сыр деп

Тұрған ел шулдады жөнін сұрап

Падиша сұрақ қойды тұрған елген

Айтыңдар мен бұл жаққа қайдан келдім

Сөйледі сонда біреу топтан озып

Айтайын деді сонда жүрме сөгіп

Тақсыр ау сізде атақ бар қашқын деген

Жүрмесең түгел айтам ашуланып

Әкеңізбен аталас немере уәзірдің

Қызын мұнда әкелдің алып қашып

Қашқындық жағдайың жоқ онан басқа

Жүрмеңіз ашу етіп азу басып

Сөйлейін тегіс айтып жұртқа ұнатса

Болады бақыт шешен жынға батса

Азат бақыт өлімнен аман қалып

Күн шығып бір жағынан таңым атса

Жоқ еді ер баласы мирас болар

Бұрынғы өліп кеткен патшамызда

Патшаның ел ұстаған баласы деп

Сайладық келісемін сізді патша

Патшадан жеке менің тілегенім

Жылаған жайын айтып жауап қатса

Патша бұл сыр етіп шыдағаным

Өз балам болып шықты Азат бақыт

Осы еді қалқым менің жылағаным

Дәс тартып осы жаққа келіп едім

Жаудан қорқып Жолшыбай елсіз жерге

Бір бала тастап кеттік демеп пе еді

Қыз емес ол баламыз болатын ұл

Ұлменен бірге қалдырдық бірталай пұл

Содан бері есептеп санасаңыз

Биылғыны қосқанда 21 жыл

Табыстым сол баламен құдай қосып

Жаудан қорқып далаға кеттік тастап

Алтын Жамбы күмістің арқасында

Басына кетіп едік қағаз тастап

Сондағы жаман қорқып сасқанымыз

Жау қуып келеді деп қашқанымыз

Сол тауда мекендеген жеті ұры екен

Баланы тауып апты біз кеткен соң

Жыладым шыдай алмай бейнетіне

Іштегі ғасырет тербеткен соң

Сондағы мынау өзім жазған атым

Бақтияров Самыр деп жазған хатым

Бұл сөзге қуанып тұр жұрт дуылдап

Өз балаңыз болды деп тұр шуылдап

Уәзірлер бұл сөзді естішенде

Жүректері қозғалып тұр суылдап

Көз жетті қатасы жоқ өз балаңыз

Деп айтты көп халайық той жасаңыз

Ұрыда істің беті оңалды деп

Аллаға ниет етіп тұр қуанып

Шығарым қашалықта ойым жоқ деп

Падиша сөз сөйледі бетін ашып

Баласы молда бар ма шақыр деді

Сөйлесейін сол кісімен амандасып

Молда да дайын екен сол арада

Арыз етіп молдаға сөз сөйледі

Дұғаңыз қарғап берген қабыл болып

Кездестім жеті жылдай құр жалаға

От жақты падишамен осы араға

Сарғайдым абақтыда жата жата

Қайғысыз қалған ғұмырың ұзақ болсын

Деді де молда берді қайта бата

Шын ниет ықыласпен бергеннен соң

Қасына падишаның келді қайта

Айтыңыз басқа сөзді мен тыңдайын

Айып жоқ қаншалықта дедіңіз ғой

Тежедім айтшы бізде қандай қата

Дұрыс шығар сұраған мына сөзім

Айтайын бастадың ғой сенің өзің

Құшақтап әйелімен ұйықтап қапсың

Бұл істі өз басымен көрді көзім

Бала айтты мұны қалай тұрсыз айтып

Барып тұр ұялмастан аузың қайтып

Ойласаң өзіңіз ақ білер едің

Қостыңыз лауықтап маған қайтып

Қорлықпен жиырма бір ге келді жасым

Әртүрлі мейхнатты көрді басым

Бейнет келіп ілінді маған қалай

Айтайын неден болған істің басын

Даладан мені ұрылар тауып алып

Асыратты біреуге мені апарып

Ер жетіп жеті жасқа келгенімде

Молдаға тағы берді мені апарып

Ұрылар оқытуға талаптанды

Өңщең надан бұл ойды қалай тапты

Надандықтың белгісі сол емеспе

жеті жасқа келсемде ат қоймады

Молдаға ұры мені тағы тағы берді

жеті жыл оқысын деп уағда қылды

Бір түйе бір атымен бермек болып

Оқысын сізден аз жыл ғылым деді

Оқыдым жеті жасқа келген соң

Ұрылар оқысын деп бергеннен соң

Шақырды молда мені өз қасына

Ұрылар қош айтытысып кеткеннен соң

Қасына отырғызды молда мені

Айтады деп күтіп жүрдім әлде нені

Жақын кеп отыр бері шырағым деді

Не десем менде болсын құлағың деді

Әкеңнің атын айтшы дұға қылам

Шақырдым өз атыңды сұрайын деп

Мен айттым білмеген соң өз әкемді

Айтамын білмеген соң әлде нені

Даладан ұры тауып алғандығын

Түгелдей айтып бердім барлық шынды

Молда айтты біздің қолға келдіңіздер

Сауатыңды ашуға болармын сеп

Азат бақыт деген ат қойды молда

Бейнетті әр нәрседен көрерсің деп

Оқытты содан кейін сабақ беріп

Есіркеп молда жүрді тамақ беріп

Кірлетпей тәрбиелеп бәбйбішесі

Жыртылған жері болса жамап беріп

Оқыдым күндіз түні тыным көрмей

Көргенсоң тауыспасын бәрін теріп

Бітірдім алты жылда жатқа біліп

Молда айтты оқыттым мен білгенімше

Қал жағдай әл-ауқатын келгенінше

Бала бол мешітіме орнымды бас

Имам бол орныма ажал жетсе

Үйтіп сені бұзар барғаныңмен

Қанішер қаныпезер өңкей зәлім

Молекең бар назарын салып тұрды

Оқытқан еңбектерін есіме алып

Бала болсам болайын жарайды деп

Уәде берлдім айттым ішкі сырды

Отынға шықтым бір күн есекпенен

Әкеме еңбек істеу есеппенен

Көрінді жол үстінде бір жеті адам

Қолында ат жүгі бар жетектеген

Мен таныдым мені олар танымады

Күні өткен өңщең ұрлық өсекпенен

Мен айттым қайда кетіп барасыз деп

Танысым деп мен жүрмін алдандырып

Бұларды бүйтем деп кім есептеген

Сонда да танымады санасыздар

Надандық әбден жеңген бишаралар

Осы болды бар берген жауаптары

Алғалы келдік мұнда баламыз бар

Сұрадым балаңыздың аты кім деп

Таңқалды мұны естіп өңщең мұңлар

Біреуі танымады мені біліп

Содан соң аялдамай кетті жүріп

Жөнімді сол арада айтқым келмей

Ызамен бүлкілдеп тұр ішім күйіп

Сол күні медрсеге келді бұлар

Қойылған белгісі жоқ атап сұрар

Әр балаға телмеңдеп босқа қарап

Кезі келді бұлардың енді жылар

Бұлар сонла сөз айтты маған арнап

Өсірдік жасыңнан деп отыр зарлап

Молдадан ұры қақысы артығырақ

Тура келді көрініп бұған бармақ

Солар ғой мені өсірген жанын жалдап

Мен мұнда деп орнымнан тұрғанымда

Молда екен салды көзбен маған салмақ

Жеті жыл бейнет көр деп бата берді

Молдадан ұры қақысы артығырақ

Ұрылар мұнысына ыза болып

Молданың мол сайманын ұрламаққа

Ушеуі ертеңіне кетті атанып

Молдаекең үһ ұстап алып үшеуінде

Өлтір деп беріпті ғой сізге апарып

Мен айтпай-ақ білесіз ендігі істі

Қажет емес сізге айту бұл жұмысты

Пасқы себеп молданың қарғысынан

Ұстаздың шын қарғысы дұға күшті

Ал ата кетпеппе едің шығып аңға

Уәзірді ертіп ап аңсағанда

Екі уәзір сізге ермей неге қалды

Өзіңіз сезер едің байқасаңда

Сіз кеткен соң екеуі шауып келді

Бір қиялды ерте ойлап тауып келді

Шет елінен келісімен сұрап еді

Көп кешікпей арақты тауып берді

Ойлары жамандыққа ауып келді

Әңгімені арақтан бастаған соң

Сескеніп көңіліме қауіп келді

Алдымен шешеме айтты келіңіз деп

Қолыңнан өзің құйып беріңіз деп

Шешем айтты ішпеймін патша жоқта

Әуре боп отырған назыңды айтпа

Ойлады тағыда ақылды жауыздарың

Шақырып маған қарап қисайтты ауыздарын

Бармаймын қастарыңа дегеннен соң

Содан соң шешеме айтты тағы бір сөз

Зәлімдердің көңілі болып жарым

Сөйлеп жатыр елінен қашқандарын

Сонда біз дұшпан болсақ сізге

Бола ма отыруға қасыма кеп

Шешеме жеңе тұғын назын айтып

Ішііне арақты -------------

Зәлімдердің жеңіліп сөздеріне

Отырды қастарына шешем де кеп

Шешемді олар маған салды

Аздан соң мастандырып арақ беріп

Мен айттым мұның ұят шеше дедім

Не айтамыз әкем жетіп келсе дедім

Ішпе деп қайта сөйлеп еселедім

Шешем айтты келе ғой қарақ деді

Іштеңе істей қоймас арақ деді

Менің айтқан сөзіме келмейсң деп

Мұныңа көңілім суып барады деді

Жылады өзі ішімнен шықпаған соң

Мен қудың тілін қалай алады деп

Қысылдым өгей деген сөздерінен

Шешемнің жас ағып тұр көздерінен

Маған қарап сап тұрғаен уәзірлер

Күш қайрат өздерінен көшкеннен соң

Қысылып менде өкпелеп қастарында

Шешем аздап өкпелеп жылап отыр

Қарамай өздерінің мастарына

Үшеуі қолдарынан берді үш кесе

Тыңдар емес ішпеймін берме десе

Өкпемді тарқатайын жаңағы деп

Өз шешем бере берді әлде неге

Менде іштім бергеннен соң арағынан

Айрылып келгеннен соң ықтиярдан

Шешемде ішім жатыр қайта-қайта

Онан ары білмеймін не болғанын

Есміді жисам білдім абақтыда

Ойладым әрнәрсені сонда бірақ

Пасқы себеп моланың қарғысынан

Ақтығым бұл жағдайдан аллаға аян

Қазір уәзірлер пәле жапты

Сонда да себеп болды қақ тағалам

Мен қастық істегем жоқ әке сізге

Барлығын істеп жүрген екі уәзір

Осымен бала сөзін тамамдады

Көргенім азда болса баяндады

Бұл кесел уәзірден болыпты деп

Жұрт шулап падианы қамалады

Барлығын уәзірдің алды жинап

Қорлықпен өлтірем деп тегі қинап

Шыңдарыңда айтпасаң екеуің қақ

Ебін таптың арақпен әбден сыйлап

Расынан қисыны жоқ сендіріп ең

Барлығын істепсіңдер сендер жайлап

Өтірік сөйлесеңдер өлесіңдер деп

Қылышын жендеттері тұрды қайрап

Қорыққан соң уәзірлер шынын айтты

Барлығын біз істедік бала неках

Жатқыздық бұл екеуін төсек салып

Істедік он екеуміз ақылдасып

Бала мен бәбішеде түк кінә жоқ

Айтып едік балаға пәле салып

Уәзірлер шынын айтты көп халыққа

Баланың ісі ағарып шықты аныққа

Қатасыз тағы болды өз баласы

Қосты ғой жәрдем беріп Алласы

Ұстады уәзірлерді түгел байлап

Падиша өлтір деді тегіс қинап

Азат бақыт тоқтатты падишаны

Сабыр ет тоқтаңыз деп сөзін жайлап

Өзіне қанша азапты көрсетседе

Өлімге бұйырмапты құдайды ойлап

Бұларда жатсын депті абақтыда

Бейнетті көрсін деді сорлы қинап

Бұларды абақтыға жатқызған соң

Сұрады падишадан шешені ойлап

Тіріме қайран анам қайда еді деп

Жылапты сағынғаннан шешеңді ойлап

Бесінші әңгіме қып тағы бастап

Келейін бәйбішеге енді аяңдап

Бейкүнә жатып еді жеті жылдай

Қамаудан шығарайын мұны жайлап

Падиша шығар деді қатынды тез

Булығып айтаалмады басқадай сөз

Барған адам әкелді шығарып ап

Жиынға тура тартып бастады сөз

Пауескені айдадйды екпініңмен

Шүйінші бер деп аяқталды істеріңіз

Кесел бопты арақты ішкеніңіз

Уәзірдің наныпсыз алдауына

Балаңа іш деп қалай күштедіңіз

Өзің ішіп жайыңа тұра бермей

Іліндің ойламастан қармауына

Арақ беріп масқылып жығып салып

Балаңды жатқызыпты қойыныңа

Уәзірмен болыңыз беттескенде

Рас деп бәрін де алды мойнына

Айтайын зор қуаныш бұл баладан

Ашылған бір сыр болды бұл жаңадан

Еліңнен байға тиіп қашқаныңда

Бала тастап кетіп ең қорқып жаудан

Бір адам табыстырды жаңа келіп

Жыртпай сақтап жоғалтпай жүрген екен

Падишаға таныстырды қағаз беріп

Ұмытпай шүйіншімді соң бересің

Деді де арбаны айдап кетті жүріп

Бейшара тыңдап отыр сөзін ұғып

Баласы қарсы келіп құшақтап еді

Бишара талып кетті есі шығып

Құдайым табыстырды оңға бастап

Жыласты екеуі де қатты босап

Бұрын қалай шыдаған ішке сақтап

Шешесінің жылағаны

Жаудан қорқып құлыным

Қалдырдым сені далаға

Тапсырдым шыбын жаныңды

Жаратқан жафар Аллаға

Тастағам жоқ әдейі

Барлығы сасып қорықты

Үйткені тауға жолықты

Қал болмады өзімде

Сені алып жаудан кетуге

Әл болмады қарағым

Атқа жүрер еркіндеп

Сен тастап кеткен соң

Басымнан дәурен өткен соң

Таппадым бала артыңнан

Шырқыратып кеткен соң

Сені ойлап жылап өкіндім

Бақытты басқа тептім деп

Патша болдық келген соң

Бақытты басқа берген соң

Бағынды деп шаттандық

Арасы жермен көктің деп

Басыма қайғы келген соң

Абақтыны көрген соң

Бейнет көрдім жеті жыл

Жаратқан Алла келдім деп

Бір көрсем сені деуші едім

Дендетіп қайғы жеуші едім

Аллаға зарым ұнаса

Сол құлыным сенбе едің

Табыстымба сұраса

қайғы кімді оңдырар

Жамала беріп құралса

Ұмытып бара жатыр ем

Уақыт өтіп күн асса

Арманым болмас деуші едім

Қайғыңды сенің жеуші едім

Қабағымды Алла шын ашса

Тілегімді берді ме

Көзімнің жасын көрдіме

Көргенім сені рас па

Жеті жыл жатып қамауда

Жәрдем берді бір Алла

Азық етті қандала

Жабысып неках бір жала

Жеті жыл жаттым мен жалғыз

Бір келмеді жаны ашып

Еті тірі адамды көргем жоқ

Бір пендеге жала сап

Істегім жоқ қиянат

Ажарына қар асып

Көнбедім сенің тіліңе

Уәзірді дос көріп

Есім шығып адасып

Рақым шашып құдайым

Көзімнің нұры қарашық

Өз балам деп зарланып

Тұрмын ба босқа адасып

Жат біреуге жабысып

Айқасып құшақ қабысып

Тұрмын ба босқа адасып

Нашарға қайып бермедім

Жоғары шауып өрледім

Асқандықтан таптым ба

Азырақ қана өлмедім

Қайғыменен сені ойлап

Қанталатып шөлдедім

Сені де талай жерледім

Далада қалған жалғызым

Шыныңды айтшы сенбе едің

Көргенім менің шын болса

Зарламамайын мен онша

Осындай іс болып па

Бұрынғы соңғы жорықта

Ғайып болған баласын

Көргендері анықпа

Сынайтын халыққа

Жақындасып тіл қату

Баласымен бір жату

Дәтілі қалай шыдайды.

Өгейде болса сөз айту

Ойлаушыға ұнаса

Сабыр етіп тоқтайын

Жарылсаңшы жүрегім

Балам менің шын болса

Тыңдайын сенің сөзіңді

Шешесі солай жылады

Көрінбей көзге тұрғанда

Қалай сақтап шыдады

Баланың жылағаны

Сол балаңыз мен едім

Туысымен жасаған

Жетімдікке бастаған

Бір бұлақтың бойына

Жаудан қорқып тастаған

Басыма асып жастаған

Бір тағдырдың жазуы

Осындайға бастаған

Некахтан пәле жабысыпты

Азап көрдім патшадан

Байқаушы ем адал едіңіз

Жамандыққа аяқ баспаған

Орынсыз пәле кез келген

Азғындап патша сөзге ерген

Мұны ұмытып кетерміз

Мұратқа бізде жетерміз

Сабыр ойлап саспа ана

Жазуы бәрі Алланың

Дұғасы себеп моланың

Көрер түк жоқ басқадан

Күдік алмай сеніңіз

Сол балаңыз мен едім

Көзім жетсін меніңде

Туған анам сенбе едің

Сақтады Алла болысып

есептегі пенде едім

берген соң ұры молдаға

оқу дария көздедім

Сіздерге бала болған соң

Дүниеге көз салып

Бұзықтығын көрген соң

Уәзірлерге сенбедім

Патшадан үзіп арасын

Ыңғайына көнбедім

Әкемді сөзге көндіріп

Иландырып сендіріп

Заңын түзеп жөндедім

Төсіңзді ашайын

Мауқымды бір басайын

Көрсетші ана төсіңді

Туғаннан бері ембеп едім

Сөз сөйлесе жетіпті

Анасына мына сөз

Сүйегінен өтіпті

Сонда да шыдап бекіпті

Иіскесе баласы

Емшегі иіп кетіпті

Мауқын басып екеуі

Аллаға шүкір етіпті

Жиырма бір жылда көрісіп

Анасымен баласы

Тілегіне жетіпті

Бала айтты әкесіне жасымаңыз

Төндіріп қапалықты басыңа сіз

Қаталық сізден емес дұшпандардан

Келіңіз қосағыңның қасына сіз

Жазым боп өліп кетпей қалдық есен

Өкпені қалдырыңыз сіз де шешем

Бірің сасып біріңіз өкпелеме

Шынымен қуаныш қып балам десең

Не қосса пендесіне Алла қосар

Жетеді не істесе оның күші

Уәзір дұшпандықпен айыруға

Сіздерге кездестірді мұндай істі

Өткенді ойламаңдар өкінішті

Тоқтасып баласының сөздеріне

Күлісп қуанышпен амандасты

Сөз қатып бетін ашып алғаннан соң

Баламды дұға менен қорладың деп

Бұйырды патша жаза молдасына

Қабақты қуанышпен ашқаннан соң

Үшеуі қайта келіп басып қосты

жеті жылға қаңқайған ордасына

Үшеуін қайта әкеліп қосқан жоқпа

Қаламның ыразы бол жорғасына

Алтыншы сөз тағы да ұры жайлы

Таныстырып айтайын барлық жайды

Падиша ұрыны да алып кетті

Ортаға қалдырмастан салып кетті

Көрсетіп неше түрлі ойын сауық

Тік тұрып падиша өзі қызмет етті

Кейінгі алты ұрыға хабар салып

Жиып тегіс қасына оны да алды

Тоқ болса ұрлық адам жасайма деп

Оларға әр түліктен берді малды

Падиша ұрыларға былай деді

Өздерің аралаңдар қоныс жерді

Сіздерге меншіктеймін бөліп беріп

Енді ұрлық істемеңдер қанап елді

Сіздерге алғыс айттым мың мәртебе

Баламды өсіріпсің тәрбиелеп

Өмрі алынбайды сізден салық

Еңбегің үшін силағаным

Әскерлік қызметке алынбасын

Туысқан туған жұрағат балаларын

Сіздерден ешнәрсемді аямаймын

Алыңдар қажетіңе жарағанын

Мың мыңнан көбейтіп кеп малды берді

Ұрыға бөліп берді сумен жерді

Көркейтіп дос дұшпанға мақтандырып

Әдем шатырлы үйлер салып берді

Әңгіме жеті боп тағы келді

Көңілді бір суытып тағы бөлді

Баяғы қыз әкесі уәзірдің

Жабатын қызын іздеп шыға келді

Есікті қағып үйге біреу келді

Патшаға амандасып сәлем берді

Шүйінші бер қарағым қос қалқатай

Әкесі әйеліңнің іздеп келді

Аралап қалдырмапты тамам елді

Айтпай-ақ сөз аяғын шалда келіп

Көзінен бір азырақ жас жіберді

Құдайым аман есен көрсеткен соң

Шал байқұс баласына былай деді

Мұнша жастың ішінде

сен едің жалғыз көргенім

діндердің хаты деп

самарға да естіртті әкесінің өлгенін

Айтып жатыр мықтап

Жол азабын көргенін

Үшеуіде жыласып

Біразырақ тұрады

Бұл шалды аман көргенге

Аллаға шүкір қылады

Тоқтасып сабыр қылады

Жағдайын сұрап атасы

Бетінен сүйді Азаттың

Мұрасы деп қазақтың

Ашуын шалда қояды

Қызықты бағлан той жасап

Малдан семіз сояды

Үлкендермен келісіп

Азатты патша қояды

Қайғысын шалда жояды

Жұрт шуылдап желепті «Я Қуайлап»

Қортыпты сол кеткен соң сөзін байлап

Самарды орнынан босаттыда

Азаты патшалыққа алды сайлап

Осындай қууанышты пайдаланып

Баласы сөз сөйледі ақыл ойлап

Бастады әкесіне сөзін жайлап

Әй әке әкең сіздің өліп қапты

Бір жылдай өлгеніне болып қапты

Бос қылмай әкеңіздің алтын тағын

Ие бол еліңздің басын құрап

Сіз тіл алсаңыз мендағы шешілейін

Күнәсін уәзірлердің кешірейін

Бұл елді ақыр маған бердіңіз ғой

Той жасап мақұл десең көшірейін

Әкесі бұл ақылы ұнатыпты

Он екі уәзірін босатыпты

Балам маған осылай бұйырды деп

Бұл істі көпшілікке сын айтыпты

Бұл сөзді мақұл деді тамам халық

Бастады адал істі көңілге алып

Падиша көшпек болды өз еліне

Той қылды Азат бақыт жиып алып

Осылай Самар елге көшкен екен

Патша боп Азат бақыт мұнда қалды

Екеуі екі жаққа патша болып

Мұратқа бұлар өстіп жеткен екен

Қысқарды бұл сөзімнің аяғыда

Қайғысыз содан кейін өткен екен

Өтіпті бұлар өстіп баяғыда

Созуға бұдан ары жетпес шамам

Аяғы осыменен болды тәмам

Қанағат етіңіздер азда болса

Ойымнан барлығында теріп жаздым

Оқушы таба жатар сөзден мінді

Жоқ болса өтірікті қайдан табам

Мазмұны қисынына үйлеспесе

Мойныма кемшілікті ала жатам

Аударып жазған Жұмагельдинов Шығай

6/IV 1953 ж.

1624 жылғы оқиға

Осы өлеңнен ескерткіш мысал:

Есіктің алды толған баялышты

Көңілім сізді ойласам алып ұшты

Жүректі сізді ойлаған тоқтатаалмай

Қайғылы ғашық дерті болдау күшті

Замандас жанға жайма құрбыңды сүй

Сол үшін суыққа тоң отқа да күй

Сатпаған өмір суын махаббаттай

Тең құрдас қадір білер жақсыны сүй

Жұмагельдинов жазған Шығай деп білерсіздер

Бітірдім 6-4-1953 жылы түнгі сағат 12 мөлшерінде

Кәрі жастық сипаты

Ескерткіш жаздым біраз ойдан теріп

Барады бұл дүние желдей жортып

Ағайлар көңіл бөліп тыңласаңыз

Айтамын кәрі жасты өлеңдетіп

Лақтай он жасында ойнақтаған

Жалаңаш тайға мініп жайдақ шабам

Бір жас бар он бес деген онан ары

Жастықпен еш нәрсені ойламаған

Бір жас бар жиырма жеген жалтылдаған

Мінезге сағым бітіп қылтылдаған

Қызуын жиырманың көтере алмай

Буыны жоқ мас кісідей былқылдаған

Жиырма бес тастан қайтпас деген күнің

Талғамай арам адал деген күнің

елестеп көз алдыңда жанып тұрса

білгізбес жан қадырын деген күнің

Бір жас бар отыз деген ойнайтұғын

Қызыққа ойнасады тоймай тұғын

Мал құрап, қатын алып, бала сүйіп

Шаруаны содан кейін ойлайтұғын

Отыз бес онан ары болған күнің

Түрленіп жас түлектей толған күнің

Тентекке ақыл айтар қорған күнің

Бір жас бар қырық деген қылыш екен

Алдыңда өрең тұрған бір іс екен

жылыстап сол қырыққа жасың келсе

Аллаға тәубә қылмақ дұрыс екен

45 қиық кетер ақыл тоқтап

Өткенге өкінбеңдер бекер жоқтап

Жігттер ұлғайған соң шүкірлік ет

Қалыптау бұрынғыдан кәрілік соқпақ

Елуде ебің болмас еңкейгенмен

Биікке қолың жетпес көркейгенмен

Әр нірсе қысқа жіптің күрмеуіндей

Болмайды ау өнер пайда селтигенмен

Елу бес онан ары ескі емендей

Бой тартып жаман істен елекендей

Баяғы бала кезің еске түссе

Тәтті ұйқы тәң ертеңгі түске енгендей

Бір жас бар алпыс деген әр қам болар

Ашылып омырауың салқам болар

Аузыңнан азу шалып ақыл танып

Көрегің сол уақыт талқан болар

Алпыс бес қыйын жердің асуындай

Одағы қадыр білмес жасуындай

Қартайса бүркіт болар тышқаншы деп

Көнерсің бір Алланың қосуынай

Жетпісте жер таянбай тура алмайсын

Таяқсыз қарыс жерге жүре алмайсың

Басыңнан ата дәулет кеткеннен соң

Дүкенді төрде отырып құра алмайсың

Бір жас бар сексен деген селкілдеген

Сақалың мұртың менен желкілдеген

Балаға келін менен қадыр кетіп

Шер басып көкіректі күркіл деген

Сексен бес ет айрылып сүйек қалар

Айрылып маржан тістен йек қалар

Жылыстап сексен беске жасың келсе

шер басып көкіректе жүрек қалар

Бір жас бар тоқсан деген балапандай

Көрінер кең дүниенің алақандай

Жылыстай сол 90 ға жасың келсе

Боларсың күлге аунаған ботақандай

Тоқсан бес ұядағы жұмыртқадай

Сөзіңе сусын қанбас қасқылғандай

Тамырың алпыс екі тартылады

Құрысқан күзді күнгі құмырсқадай

Алдыңда жүз деген жас қылтылдаған

Буының алпыс екі бұлтылдаған

Кейінгі азып туған біздей жанға

Қусада жүз деген жас ұстатпаған

Ағайлар бұл сезім шын жалған емес

Бұл жалған имандағы арман емес

Естіген қақа тәубә қылама деп

Шығардым ермек үшін біраз кеңес

Құдайау ойлаймын болған пана

Құтқара ғөр бар пәледен Расул баба

Көмектессе бабаларым имам мағзұм

Ер Дәуіт ғазыреті Ғали асқан дана

Қағаз тұр шал азабы көп бейнеттен

Мухамбет Пайғамбарым сізде және

Сақтаған қырық шілтен еренғайып

Жәрдемдес Бибіл Фатима сіздағы ана