Жыр

«Зүпін»

Ауызша жырдан хатқа түсірген · 1952

Қолжазбадағы ғибратты сөздер

Атаң болса анаң мен

Қоршап тұрған қорғаның

Жақсы болса келінің

Ардақтысы олжаның

Анаң болса ақылды

Арқа сүйер тірегің

Інің болса жан ашыр

Семсер менен білегің

Ақылды туған ул мен қыз

Өкпе бауыр жүрегің

Дос-жарандар қадырлас

Көзің менен құлағың

Жақсы болса алғаның

Жарық, сәуле шырағың

Жайлауындай өмірдің

Жайлы қоныс тұрағың

Жақсы қайын жігітке

Жағынады туыстай

Жақсы құдаң бар болса

Силасады туыстай

Жақсы бажа бөлемен

Тіріде таныс, тыныстай

Жақсы жезде апаңмен

Еркелетеді ұрыспай

Өз балаңнан кем емес

Жақсы болса күйеуің

Шаршағанда шалдығып

Нағашың болады сүйеуің

Одан туған жиенің

Жұлынындай жүйкенің

Арамза болсаң аулақ кет

Маңыма келме біреуің

Жанаспаймын жан тартып

Жақындама біреуің

Жақсы құда құрдас қой

Қадірлі бажа сырлас қой

Осылардың бәрімен

Сүрсең өмір суыспай

Бәріненде асыраған

Әке менен шеше артық

Бірақ жаман әкеден

Жақсы жезде көш артық

Жаман әке жыртық қос

Ынтығы жоқ паналар

Көмегі жоқ әкеден

Көршің жақсы саналар

Жаман деп саған күн берсе,

Жаман ат саған жамалар.

Асырап сақта ардақтап,

Әкеңді күт балалар.

Безу қиын жаман деп

Өзіңнің туған шешеңнен

Үй тұрмысың көңілсіз

Қынжыласың дегенмен

Айналақтап қайтесің

Сол анадан тудың сен

Жаман туыс бір масыл

Арқалаған күлмен тең

Жақсы қызың - сіргеген (означает: сохраняет единство семьи)

Жаман келін бір масыл

Жақсылығың істеген

Елекке құмған сумен тең

Кекесіні келінің

Езіп құйған У мен тең

Көңілсіз берген тамағы

Құм аралас күлмен тең

Жаман болса әйелің

Көрген күнің түнмен тең

Ақымақ балаң алдыңда

Көрініп тұрған жынмен тең.

Зүпін

Жат етіп бір алланың есім затын

шығарған тілім барда хикаятым

Кенжебай атам, Садыр ру затым

Лепсы, Муханчы дур жер мурадым

Кітаптан бір хикая көріп жаздым

Ахмет Малайұлы менің атым.

Нұрынан барша ғалам өндіріп тұр

Құраннан отыз пара ендіріп тұр

Артық қылып жаратқан ислам

баршасын үкіміне көндіріп жүр

Пайғамбар Расул Алла өткен күнде

ғұмырға бақыт дәулет жеткен күнде

қатесін кешірегөр паруардігер

дұғадан жасаңдар оқыған ер.

Кітаптан көріп жаздым бір хикая

қыла жүр қайыр дұға оқыған ер

Мухамет Қанапия Ғалиұлы

Сүйікті Мустапаның шекер бәнті

Шаһирам кәпірстан өлі аяты

бір балуан қызы бопты Зупін атты

Әуелі соныменен соғыс қылған

бар екен отыз баптан хикаяты.

Шаһирам падишаның қызы Зупін

шыққанда жарық болад қараңғы түн

кім жақсы соған өзім тиемін деп

шығыптау сақарадан тынбай күн түн.

Мұны естіп талай батыр келген екен

Зупіннің нұр дидарын көрген екен

талпынып талап етіп келген ерлер

әлек боп найзасынан өлген екен.

Шер құда шын сүйікті Ғали арыстан

Жұмақтан пайда болған Зулпіхары

Олардың әулетінен көп данышпан

жасынан Қанапия болды мықты.

Жасынан бабасының сөзін ұқты

Бір күні әкесінен ұлықсат ап

Ерігіп Қанапия дүзге шықты

Әбеу, Бәкір Сыдықтың екі ұлы бар

Мақабіл деген құлы бірге шықты.

Алыстан төртеуіне шаң көрінді

сол шаңнан қырық бір атты жан көрінді

буынған белдеріне кемер белбеу

біреуі бек Әйбәті сән көрінді

Жарқырап алтын тәні басындағы

қырық қыз нөкер екен қасындағы.

Кез болды арыстанның баласына

қиынды бірін бірі қашырмағы

Жіберіп бір ақырып, қаһар шашып

айдаһар келмеуші еді, аяқ басып

Ұшқан құс, Дию пері болсадағы

арыстан келмеуші еді, таудан асып.

Барады күн күркіреп жер тітіреп

айғайы жермен көкке араласып

Атыңды жылдам айт деп бір ақырды

қолынан кұтылмастай ешкім қашып

Іркілмей Қанапия жауап берді

өлшеусіз арыстаннан туған бөлек

білдірмей еш адамға жүреді екен

лайық әйелдерге сынын көрді.

Шашыңды үйде отырып тарасаңшы

көзіңменен жан жағыңа қарасаңшы

Ұршық ап қолыңызға тәуба қылып

әйелдің қызметіне жарасаңшы

Сен әйел екенімді қайдан білдің

қалайша әйелсіңіз деп пәһәм қылдың

танытпай талай ерді жоқ қылып ем

сен танып әйелсің деп маған күлдің.

Мен білдім сен әйел заты екеніңді

өткізіп кете алмайсың мекеріңді

атыңа қамшы басып секірткенде

еріңнен бөксең бөлек көтерілді.

Алғамын қызда болсам талай ерді

көп ерге мекен еткем қара жерді

Алдыма келген душпан кеткен емес

деді де қыз мақтанып жауап берді.

Қыз айтты қай шаһардың бұлбұлысың

қай ру иран бақтың гүл гүлісің

Әуелі аты жөніңді мағлұм етші

Қай әулет екеніңді ішім білсін.

Айтайын саған атымды

Дүзік білсең затымды

Бабам аты Мухамбет

Заһар қылған батымды.

Алланың сүйген достысы

дәргейіне жақынды

Умбетім деп атаған

діні дүзік мақулды.

Атам Ғали арыстан

Тәңірім сүйген данышпан

Алладан дүл-дүл аталған

Пайғамбардан бата алған.

Зулпіхар дүр қылышы

нашардың болды ырысы

Неше шары ойранғып

жөнге салған кәпірді.

Ұйқысынан оятқан Сендей талай кәпірді.

Шер арыстан баласы айбаттанып ақырды:

нөкер ертіп қасыңа, тәжі орап басыңа

дүниеде көргем жоқ, ақымақ сендей қатынды.

Сахараны кездіртіп, кім мұнда сені шақырды

Көк тіреген көңілін

қатынсыңдар деп жапырды.

Қыз тұрды есі кетіп қайран қылып

құтырған арыстандай көзі жанып

Найзамен ұрып жерге жастайын деп

ұмытылды денесінен қайраты асып

Жан емес сөзден жасып тоқтайтұғын

симай тұр киіміне қаһар шашып.

Қимылды қару найза бәрі қолда

атына қамшы салды тура ұмытылып.

Сөздері әмір зарда кек көрініп

қайнайды іші жаман судай тасып.

Жайынша Қанапия қарап тұрды

найзамен ұрып өтті судай тасып

Салмағы қаптауынан құлағандай

Шаһизада естен танды қайрат қашып.

жығылды пәһәм болып тұлпарынан

қарауға дәрмені жоқ көзін ашып.

Қыз Зүпін енді атынан түсе қалды

имамның кеудесіне мініп алды.

Тәнінен басын бөлек тастайын деп

қылышқа жанындағы қолын салды.

Жаны жоқ кеудесінде жатқан өлік

өлікке қылыш шапқан мақтаншылық

деді де жүре берді түрегеліп.

Байларды Әбеу, Бәкір балаларын

шығарды көкіректе саналарын

Бір жерде Мақабіл құл бұғып қалды.

Қыз енді бетіне алды қалаларын

Мухамбет Қанапия талып қалды.

Екеуін шәрісіне алып барды

алдына әкесінің қол қусырып.

Әкесі баласынан жауап алды

Ай ата Сахараға барып келдім

бір төртеу жол үстінде ғарып көрдім.

Төртеуі Араб жұрттың адамы екен

екеуін қызметіңе алып келдім.

Бір жігіт Қанапия атым дейді

Ғали шері Мухамбет затым дейді

мен соны бір ұрумен ойран қылдым

өлігі Сахарада жатыр дейді.

Падиша айтты айналайын балам дейді

олардан кім жолықты саған дейді.

Жаныңның шүкірлік қыл қалғанына

олардың майданынан аман дейді.

Екінші сөз сөйлейін Уәзірден

бұл сөзден өлген күні адасармыз

Жалықпай жаның барда сөйле тілім

тыңдаған халайыққа тамашамыз.

Азырақ сөйлеселік кеңес құрып

сөйлейді бір уәзір сонда тұрып

Бір қасық қан жаһардай жанын сұрап

тұрады ғазер қылып қол қусырып.

Падиша уәзірге берді рұқсат

Оларға сіздің бала шақ келмейді

әшейін біреу шығар руы жат

оларға сіздің бала қылыш ұрса

оларға жолыққан жан тірі тұрмас

естісе басқа біреу күлкі қылар

сөзіңді өзің тұрғой қылма жолдас.

Қалқанын сексен мыңдай ашқан Ғали

толқынын дарияның басқан Ғали

Айдаһар арыстандай балуаның

Әр жерге қанын судай шашқан Ғали.

Падиша ер екен деп естен танды

бұлардың қайратына қайран қалды.

Ақырып нанбадың деп ұмтылғанда

артына падишаның жоқ боп кетті.

Тақсыр ау менің сөзім жалған емес

еш дұшпан Мединеге барған емес

Сақ болсын, тоқтау түсін деп айтамын

Олардан ешкім аман қалған емес.

Қыз айтты: Мединеге барып келмей

балуанын алдап жаяу алып келмей

алдында Ләт мәуітің жан беріп тұр

бабамның өлейін деп дүзін көрмей.

Қыз Зүпін ашуланып шығып кетті

бұл сөзін уәзірдің ұғып кетті.

Адамы Мединенің осындай деп

Уәзір Падишаға мағлұм етті

(14/XII-1956)

Тақсырау менің сөзім емес бекер

осында екі бала ләбі шекер

Расулдан менің сөзім мағлұм болсын

өзіңнен әскер жинап көрсең нетер.

Уәзір улықсат ап қадам салар

мұны естіп қуанады Шаһизалар

босатса рақым ғып падиша Құдай

бір майдан салайық деп қайраттанар

ежелден мұсылман мен кәпір кекті

жасауыл дабыл қағып кернейлетті.

Ат мініп сайман алып киінсін деп

алдына Падишаның айдап кепті.

Жігіттер мына біздің балалар мен

азырақ ұрыс қылып ойнаңыздар

Сыдықтың Әбеу, Бәкір балалары

Алланың тең келмейтін кемеңгері

атанып майдан жерге бұлар келді

Кәпірдің қайран болды баршалары.

Қолына екі бекзат қылыш алды

әскермен араласып ұрыс салды

Жетпісте қарт, жетіде бала көріп

көрмеген бір тамаша таңға қалды.

Секілді аш арыстан ұқсағанға

уайым қайғы түсті Падишаға

Көрінді қойға түскен құрт секілді

қамысқа түсіп жанған өрт секілді.

Дария толқынындай қан ағызып

көрінді бір ғажайып дерт секілді.

Өкпесін көп кәпірдің өшіріп жүр

қылыштан қайсы бірін кешіріп жүр

екпіні күркіреген күн секілді

кәпірге ажал шарбат түсіп жүр.

Көп кәпір мұнан несін аяныпты

тозақтан сансыз кәпір жай алыпты.

Селкілдеп өне бойы Шаһирам хан

құлауға алтын тақтан таяныпты

Падиша айтты ұстап алып, байла депті

қылышпен ешкім қылмас айла депті.

Секілді жайын қуған ұсақ балық

кәпірді алдына сап айдады енді

көрінді сол уақытта қырық бір атты

тозаңы көріп мұны бұрқыратты

Тарт қолыңды басыңды кесемін деп

ақырып жермен көкті қалтыратты.

Қыз Зүпін Сахарадан келген екен

бұлардың бұл майданын көрген екен

Сыпырып жау жарағын тастай салды

отырды алдына кеп жөнде мекен.

Зынданда екі бекзат қала тұрсын

майданға Зүпін шығып бара тұрсын

Мухамбет Қанапия не боп қалды

аз сөйлеп қандыралық құлақ құршын.

Мақабіл үш күн жатты, қорыққаннан

қисапсыз балуанға жолыққанын

бетіне Шаһизаттың су бүрікті

далада есі ауып өліп жатқан.

Жатқансың біраз сағат есін жиды

бекзада қасындағы жолдасы жоқ

Имамның есі кетіп талықсиды

Мақабіл сонда имамнан жауап сұрар

жағдайдың болғандығын мағлұм қылар

кәпір байлап әкетті ол жолдасты

ондай мықты балуан табылмасты.

Қасына Мақабілді ертіп алып

екеуі Мединеге қайта басты.

Қыз Зүпін аса балуан болған күшті

осындай имам көрді қиын істі

Қай күн боп біле алмаушы еді қайда екенін

имамға анасының көзі түсті

Қайда ертіп бауырымның барады деп

сөйлеші екі көздің қарасы деп

жылауда сенің үшін болып едім

көңілімнің жаңа кетті ау жарасы деп

Ізімен ақылменен ойлап отыр

дұшпанға келмеді ме шамасы деп.

Я, Ана сағадаты шекер бәнтің

біз көрген қисабы жоқ оқиғаның

істерін бастан кешкен бәрін айтты

келді деп өлмеген соң ғарып жаным.

Анасы бұл сөзді естіп ашуланды

ашуға шыдай алмай күйіп жанды

Дариға бұл не деген жаман ат деп

ішінен қайғыланып ашуланды.

Балуан атаң сенің Ғали болса

Алланың арыстаны Әли болса

Мен Үмбет падишаның қайсар қызы

балуан жүз мың ерлік әлім болса.

Атаңмен жеті күндей күрес салып

күресім бұл жаһанға мәлім болса

Алланың әмірімен мені жығып

Мұсылман дәрежелі дәулет қонса.

Мендей анаң, Ғалидай атың болып

бетіне дүниенің көңілің толса

Қатының найзасынан әлек болып

сарғайып щапырандай жүзің салса

мұнанда жоқ болғаның артық еді ау

не болды тумағырым саған сонша.

Балуан атам Ғали шер арыстан

анам мынау атаммен көп алысқан

Пайда боп арасынан туып едім

болмады артықтығым қола – мыстан!

Атамнан көп падиша құтылмаған

тағынан бұлбұл сайрап құстар ұшқан

Сансыз ер қисапсыз қол әзір болып

әммәсін өткізіпті бір қылыштан.

Беріпті дүл-дүл қылыш бір алладан

дұшпанның қараңғылық күнін қылған.

Көргенше Мединені аман келіп

өлгенім артық еді осы тұстан.

Атына осы сөзбен ерін салды

қасына Мақабілді ертіп алды

шешесі сол уақта ұйқыда екен

екеуі жол ұзартып кетіп қалды.

Оянып бір күңінен хабар алды

қайғы оты әсерімен күліп жанды

Ғалиға не деп жауап айтамын деп

ішінен қайғыланып ашуланды.

Бұл сырды білген емес ешбір адам

дариға қайда кетті ғарып балам

Ат мініп, сайман алып, киім киіп

Қанапия іздеп шықты Сахарадан

күн батып бір арада түн жамылды

Бибидің ренжумен көңілі жаман

ұйықтамай таң атқанша зарлап шығып

таң атып түрегелді есен аман.

Көрінді бұған тағы қырық бір атты

әркім ақ бұл аттының дәмін татты

Ішінде алтын тәжді біреуі бар

бек көркем жүзі сұлу саясатлы.

Атына қамшы беріп, қасын керіп

ей күңім нағып жүрсің деді келіп.

Әдепсіз, тәртібі жоқ, сақып кәләм

келдің бе есірік боп, діні жаман

Басында әйел болып неге тудың

талпынып Сахараны етсең талан.

Әйелмін еркекті алам осы тұста

семсерім тоқтамайды қара тасқа

Салмағы қап тауынан құлағандай

қылышпен Қалипаны салды басқа

есі ауып аттан толқып жерге түсті

көздері толып кетті қанды жасқа.

Қылышпен және тағы шабайын деп

қолына қылыш алды кең құлашқа.

Ақырған сол уақытта бір үн шықты

тарт қолыңды, аяғың қадам баспа.

Бұл келген Қанапия Ғали заты

сайраған бұлбұлдайын таумен тасқа

ақырып жермен көкті дірілдетті

Арыстан сүйтеді екен қарны ашса.

Анау анам мені іздеп келіп тұрған

қақ дабылды Мақабіл қорқып саспа

Ай ақымақ, өш қарыбың мен емес пе

бейшара бір адамның қанын шашпа

Қыз айтты: Сен кімсің Сахарада айбатталған

сыртыңа түгің шығып қайратталған

жігіт болса жарайды сендей болсын

ерлік қысып түк болмас жай жатқанын.

Имам айтты: мен ермін өзің көрген

қапыда ұрып кетіп Заһым берген

бойыма ақыл есім жиып алып

қаныңды төгейін деп қайта келген.

Қанапия бұл дыбыспен есін жиды

сен кімсің деп имамға жауап берді

Мубарак Сағадаты анам дейді

келіпсіз іздеп шығып маған дейді

Өзіңнің Шекер пәнті перзентіңмін

Мухамбет Қанапия балаң дейді

Қанипа бұл дыбыспен жылай берді

көңілімнен кеткен екен санам дейді.

Көрсеттің перзентімді шүкір алла

Үмбетке жар беруші бабам дейді

Имам айтты: әдепсіз келгін маған

Еркектің тақуасын қуған надан.

Қыз айтты: қапы қалсаң сен қимылда

кезекті бүгінгі күн бердім саған.

Имам айтты: тағыда жөн сенікі

кәпірге науат берген ата бабам

Басыңды пара-пара қылайын деп

қаһарлы қыз бойына толды жаман.

Шоқпармен қаһарланып ұрып өтті

шоқпарын шаһизада қағып өтті

Соғысты кезек кезек екі арыстан

ұрыстан күн туғызды ақыр заман

есі ауып бір-бірінен жығылмайды

Сақтап жүр Паруарігер қақ тағалам

Шешесі Бибидің зары

Имамзада анасы

шын Муһарбан баласы

Қиындыққа кірген соң

көз қуаныш баласы

Қатерде жүр баласы

таусылып жүр шарасы

Кез болған жері булардың

меңіреу бетпақ даласы

Бұлардан хабар алған жоқ

Мединенің қаласы

Жәрдем қуат бере гөр

Сұлтан баба нағашы

Қақ серуер Мухамбет

шапағатты бабасы.

Артылып туған жан екен

Зүпін қыздың бағасы

ұяда жалғыз қыз екен

інісі жоқ ағасы.

Еркелетіп өсірген

біреудің жалғыз баласы

Мұнша өшігіп жүргені

дүзік дінің таласы

Шахимардан затына

жүрмеген халық табасы

Бір жаратқан құдайым

өзіңе сәжде қылайын.

Әулиеге жалынып

қыз күшіне таң қалып

Жылай-жылай шешесі

сәждеге басын апарды

Атасы Ғали серігі

арыстан деп ат берген

Бұл дүниеде дұшпаның

алдына айдап сап берген

Алла досты баласы

көп үмбетке қорған боп

Тәжі дәулет бақ берген

Ислам дінін ашық қып

кәләм шарып хат берген

Пайғамбардың торт чары.

Өзінен соң нақ көрген

олардың асыл әулеті

дүниедегі дәулеті

Қанапия ботаңыз.

Не себептен жат көрдің

Құдая кешір қатемді

қор қыла көрме ботамды

тәсілім беріп шығарға

шыбын жаным тақалды.

Анасы сүйтіп күйінді

кетірме деп сыйымды

Анасының күйігін

Қанапия түйінді

мінежат етіп ішінен

Жаратқан қаққа сыйынды.

Өте шықты сыртына

түгі тесіп киімді

Арыстанның әулеті

ашуланса қиынды

Айқай салып ақырып

күшін жинап бойына

Жаратқан қаққа сиынды.

Ұстап алып белдеуден айналдырып үйірді

Шер құда бабам ісі деп көкке таман бұйырды

Аспанға атып жіберді, көріп кел деп қиырды.

Табаны қыз Зүпіннің кетті жанып

анасы тамаша етті таңғажайып

Үстінде бес жүз батпан сауыты мен

көрінбей көк жүзіне болды ғайып.

Анасы бір сөз айтты тілін безеп

келеді Дариға қыз торғайдай боп

Кешпеймін жерге түссе ақ сүтімді

Ай балам ақырын қой, қағып алып

дегенде қыз Зүпінді алды тосып

Зүпіннің басы айналды жаны шошып.

Құлыным айналайын деді балам

қайталық тез аттанып елге таман

Қайтпасқа Мединеге ант еткенмін

кек алмай қыз әкесі ирамшадан.

Бармаспын екі бекзат тауып алмай

бұл қыздың шаһарына ойран салмай

Біздерге қуат берсін қақ тағала

Қақ дінге көнсін бұлар қапы қалмай.

Қараңғы тұман екен өткен күнім

келтірдім Қалимаға жаңа тілін.

Қателесіп көрсеттім көп машақат

Я тақсыр, кешіре гөр дүр мінім

Зүпінді қосып берді, қолын байлап

шарасыз қарап тұрды көзі жайнап

Қырық қыз нөкерімен тегіс байлап

Қалипа жолға түсті я құдайлап.

Төртінші хикаяға келді кезім

кітапта бұл сөз рас көрді көзім

Шешесі Әмірзада би Қалипа

айтайын михнат тартып көргендерін.

Кез болды келе жатып бір балуан

құбылған аждаһардай жүзі алуан

Сары жез тырылдауық мылтығы бар

Өледі бір атқанда алпыс адам.

Паһадүр кәпір екен өзі күшті

Зүпіннің жамалына көзі түсті

Жолынан келе жатқан қарсы тосып

бұларға әйбәт бірлен есендесті.

Кәпір айтты: бибиге кімсің деді

не қылып Сахарада жүрсің деді

Қанипа ол кәпірге берді жауап

немене жұмысың бар дүр бізде деп.

Атам кәпір, Падишаның баласы едім

менде бір асқан таудың саласы едім

Жаным құрбан етейін қызыңды бер

жігіттің өзім құрбы данасы едім.

Зүпін айтты құдая қудауында

мен лайық болдым ба мұндай жанға

Босат ана қылыштан кешірейін

кәпірге ажал шарбат түсірейін.

Құдай оңдап мен балаңды босатсаңыз

алмадай басын жерге түсірейін.

Қанипа босатуға еш сенбеді

байлаулы қол аяғы кісендеулі

Бүл кәпірге болысып жақ боп кетсе

шынымен қайғы суын ішем дейді.

Қанипа өзі ұмытылды қайраттанып

кәпірге оғын атты көзі жанып

Сол кәпір атқан оғын қолыменен

лақтырды Сахараға қағып алып.

Аяғын үзеңгіге шіреп тұрып

күржімен кәпір ұрды қайраттанып.

Қабары бұл ғаламнан болмай кетті

сүйеніп ат жалына мінежат қып

Кәпірге әпек қылма дейді ғаріп

періште Жебіреиіл пәрмен берген

тастады Мединеге тез апарып.

Зүпін қала берді жау қолында

білмейді не бар не жоқ, оң солында

Сол кәпір ғашкеріне қайта келді

бар екен көп әскері бір орында.

Көргенін бастан аяқ баян етіп

асыра бір қыз көрдім бұл жолымда

Жолына жаным құрбан етер едім

көндірер соны маған кім бар мұнда.

Айтады бір уәзір: маған оңай

Шаһизадам оның үшін жеме қамды

Сұлуды қырық қызбен алып келді

кең қорған салғызады таңдап жерді.

Секілді иран бағы құстар ұшқан

ішінен сулар ақты әрбір тұстан

Шапағат әуел баста қылған жер еді

Мухамбет Қабиболла ғазыретің.

Кәпір жүр тамашалап шарбағында

жайылған мал көрінді жан - жағында

қой баққан жетіп келсе кәрі кемпір

кәпір жүр Зүпін қыздың зардабында.

Ай ана алып келдім кесел қатын

жетпейді жалынсамда айтқан датым

Қайламен соны маған көндіріп бер

берейін бау шарбақтың салтанатын.

Ей балам көндірейін не қылсамда

сиқырмен неше түрлі жалынсамда

Қой сойып балалардың сүтін беріп

барайын оның үшін қайғыланба.

Сол кемпір қойды ауылға айдап келді

оятты қойын сауып балаларын.

Қас қылып азғырмаққа Зүпін қызды

келді де бау шарбаққа ұйықтап қалды.

Түсінде бұған біреу жетіп келді

жазаға тартамын деп кәпірлерді

От жағып ол кемпірді мәһәм ұстап

отқа тастап жіберуге ыңғай берді.

Қасында от лапылдап жанып жатыр

ойбайды кемпір байғұс салып жатыр

Жарқырап алтын күрзі пайда болды

көңіліне бұл қалай деп алып жатыр.

Бұл сөзді көп жарандар ұғып отыр

әлгі оттан кемпір сорлы бұғып отыр

Тірелген нұры көкке қақ Пайғамбар

үстінде алтын тақтың шығып отыр.

Айтады кемпір сонда ай нұр жүзді

артықша бұл ғаламда көрдім сізді

Көрген, миқнат шекенім ұмыт болсын

айтыңыз баян қылып отыңызды.

Мен едім ақыр заман Пайғамбары

Үмбетке шапағатшы болған жары

Осы отқа сені тастап жіберемін

оданда мұсылман бол байғұс кәрі.

Кәлимат толық айтты кемпір сонда

түсінде иман айтып болды молда

Кемпірді шын мұсылман жасап қойды

Пайғамбар Ғазыреті Ғаби молда.

Шарбақта бір адам бар Зүпін аты

бек көркем жүзі сұлу саясаты

Айтыңыз сол балама бізден сәлем

Мақшарда үміт қылсын шапағаты.

Сәлемде сол балама қайғырмасын

қақ діннен қапияда айрылмасын

Жанында зәһары бар кәпірге бер

сұм кәпір сонымен күйіп жансын.

Оянып түрегелді кемпір сонда

апырай өңім бе екен, түсім бе екен

бір көрген қастық, дәурен ісімбе екен

Жүгіріп бау шарбаққа жетіп келді

Барма екен айтқан кісі ішінде деп

Шарбақта Зүпін отыр көзі жайнап

шарасыз екі көзі іші қайнап.

Айтады кемпір сонда ай нұр жүзді

кім сені қапа қылды қолың байлап.

Әй ана, Зүпін дейді өзім атым

естіртіп әбден білді қыздың затын

Жаныңда заһарың бар көрдім соны

бер дейді заһарыңды әлгі қатын.

Заһарды сұрап алып сүтке салды

көндірдім, шақыр десең келтірейін

Дәм тат деп біздің үйден, ертіп барды

сүтін ішіп, сонда кемпір күйіп жанды.

Кемпір келіп Зүпіннің қолын шешті

қылышпен Зүпін келіп басын кесті.

Сұм кәпір жаһаннамға өліп қалды

Зүпін қыз атқа мініп қылыш алды.

Үш ләгер бес мың қолмен араласып

қасқырдай қойға тиген қырып салды.

Тәнінен кәпір жанып қалды жұда

Пайғамбар мәдет берді Ғаби молда.

Бұлармен қош айтысып имам кеткен

қабарын білдірмейді әлде неткен

бір жерде имам шері ұйықтап жатса

әуе айналып басынан ыстық өткен.

Тағы да бір хикая, алтыншы бап

барады тегіс айтса бұл сөз ұзап

Қайта алмай Мединеге бірнеше күн

бұларға кез болады неден тұзақ.

Шарбағы уйықтап жатқан бір жақсы жай

жаратқан уайымсыз падиша құдай.

Шарбаққа бір падиша келе жатыр

қасында әскері бар отыз мыңдай.

Шаһары жеті жылдық мекен жері

аспаннан хабар берді Қалия пері

Астыңыз осы жатқан дию жері

отыз мың әскері бар Шынжыл патша

Қаптайды осы тұрған жеріңді енді.

Аспаннан қабар беріп болды ғайып

оянып түрегелді имам Зайып

Пері мен бізді оятқан дию ма екен

тамаша түсініксіз бұл ғажайып.

Жан жаққа түрегеліп тұрды қарап

асынып атқа мінді қару жарақ

Қалың қол қисабы жоқ келе жатыр

ақпанда қар бурадай тұрды жарап.

Ақырды арыстандай үнді бастап

кәпірлер басын қойды жерге жастап

Зәл - зәлә жер жүзіне пайда болды

уалып жерге түсті қара тастар.

Кәпірден жеке жеке үшеу барды

үшеуін бір қолымен жерге салды

Тапсырып Мақабілге үшеуінде

қақ дінге кіре ме деп көңліне алды.

Ат қойды ортаға алып отыз мың қол

тамаша қырғын болды қызыл қан жол

кәпірдің біраз демде туын жықты

тілгілеп жапырақтай оңмен солды.

Падшасын бұл кәпірдің ұстап алды

соғысқа періштелер қайран қалды

Кәлима шариғаты жары қылып

әммасын иман айтып дінге салды.

Тағы да бір хикаят: жетінші бап

тамаша мұсылманға, кәпірге жат

тағы да содан әрі жол шығады

Мұхамбет Қанапия асыл әулет.

Жолықты бір шаһарға келе жатып

барады тамамдауға басым қатып

Ғомарзада падишаның мекені екен

сөзімді бітірейін шапшандатып.

Екі қыз ұлдан біреу бұлар жеткен

падиша Ғомарзада өліп кеткен

Ұл баласы Ғымыран орнын басып

артына падиша болып әмір еткен.

Екі қыз ағасына болды дұшпан

дұшпандық келмей қалмас қыз байғұстан

бекітіп қол аяғын ұйқысында

құдыққа пәнде қылып салып қойған.

Көріпті қарындастан мұндай істі

боларма бұдан үлкен қайғы күшті.

Жол үстіне қарауыл мықтап қойып

екеуі құтқармайды ұшқан құсты.

Бұл жолға имамзада қадам салар

жолыққан неше түрлі падишалар

Адамның суреті боп Қалия пері

имамға екі қыздан берді хабар.

Тағыда ғайып болды хабар беріп

падшағар екі қызда болған ерік

Алдына жолын тосып қарсы келді

имамды келе жатқан көзі көріп.

Екеуін байлап алды, ұрмай соқпай

ұшырды, бір қолымен қаққан доптай

екеуін еркіменен мұсылман ғып

ағасын құдықтағы айтты тап деп.

Құдыққа қызды бастап алып келді

қиюлап таспен жапқан көзді көрді

тасты алып аузын аш деп ақырғанда

қайран боп көтере алмай халық тұрды.

Сол шақта имамзада өзі келді

жиылған қанша халық көзі көрді

қырық қадам лақтырып Сахараға

құдықтың басына кеп көз жіберді.

Зынданда Ғимран тірі бармысың деп

сыртынан имамзада дыбыс берді.

Сен кімсің бұл араға келіп тұрған

таң қалып тамаша ғып көріп тұрған

Әуелі мағлұм етші ат жөніңді

зынданнан мені алғалы төніп тұрған.

Мұхамбет Қанапия атым дейді

Пайғамбар Ғали шері затым дейді

арқан салып суырып жұлып алып

мұнша ғарып етті ме қатын дейді.

Бұлардың сөзін түгел бола алмаспын

мойнымды бөтен сөзге бұра алмаспын

қарашы мұсылманға кәрі жасың

түзетіп Ғимран қойды Падишасын.

Екі ерге екі қызды неках етіп

жөн айтып тату қылды падишасын.

Бабына сегізінші жаңа жеттім

жетеуін жоғарыда айтып өттім.

Ертегі бұрынғының кітабынан

жел сөзбен құдай үшін өлең еттім.

Мұсылман құлағың сал бұл қисаға

дұшпанға Ғали ұлы болмас таба

Атасы Зүпін қыздың іздеп шыққан

Шаһирам жаңа жеттім падишаға.

Ғашкері жердің жүзін басқан екен

Шаһирам келмей қорқып сасқан екен

Мұхамбет Қанапия келеді деп

Қайғырып күту менен тосқан екен.

Ер имам өзін-өзі білдірмекке

қаһарын бір ақырып шашқан екен.

Басынан алтын тәжі ұшып кетті

дауысы жиырма төрт шақырым жерге жетті

Шаһирам біраз талып есін жиды

Ғашкері ойран үстен болып кетті

екінші тағы ақырса жоқ болғандай

келгенін Ер имамның іші түйді.

Жаратқан жалғыз қақтан көмек сұрап

Ер имам ызаланып атқа мінді

туымды көтер деді Мақабілге

бұған майдан салайын жалғыз барып.

Орғытып келе жатыр аш арыстан

бетіне тағат қылар неткен дұшпан

шынымен қаһарланып ұмтылғанда

кәпірдің қараңғылық күнін қысқан.

Ғазрет арыстанның мен ұлымын

Расул Шер құданың бұлбұлымын

атым менің Мұхамбет Қанапия

гүлденген Мединенің бір гүлімін.

Ей кәпір мұсылман бол расында

қоймаймын кәпірлікте нанасың ба

егерде іштеріңе кірер болсам

тауыспай қанға салман қылышымды.

Кәпірлер ашуланып сырнай тартты

ғашкерін сапқа қойып дайындатты

Оны дақ он екі мың еріменен

кәпірдің бас балуаны шықты шауып.

Жаныңнан үміт етсең қызмет қыл

Шаһирам падшамызға есек бағып.

Жеңілсем есегіңді бағушымын

жаныңды жаһаннамға салушымын

талайын сендей дәудің ойрандағам

басыңды қанжарменен қағушымын

дегенде кәпір батыр қылыш ұрған.

Тағат қып имамзада қарап тұрды

көтеріп белбеуінен лақтырса

жаһаннамға жаны тура барып кірді

Ғашкері он екі мың кетті қайтып

айқайлап өлтірмекке жерге таптап

асыл Ер ортасында жалғыз қалды

шықпаса қиын болды құдай сақтап.

Қылышпен қылыштар жүр шапқыласып

мылтықпен тағыда жүр атқалысып

әуе жерге түскендей болып кетті

Тәңірдің қуатымен, қайраты асып.

Бір өзі ойрандап жүр қойдай қырып

үйілді өліктері таудай болып

жығылды талай кәпір жүрегі ұшып

қызыл қан Сахараға кетті толып.

Күн батып Иран падиша дабыл қақты

кәпірлер қайтып барып дамылдапты

кәпірге қияметтік қырғын болып

қызыл қан өзен болып ағып жатты.

Қасына Мақабілдің имам түсті

қолының қанын жуып киімін шешті

көргенін тамаша ғып бәрін айтып

отырып рахаттанып асын ішті.

Таң ата түрегелді қылыш байлап

күрзінін қолға шақтап алды сайлап

кәпірге шық бері деп дыбыс беріп

ашыққан арыстандай тұрды жайнап.

Жаралған бабам нұрдан құдай сүйіп

Шаһирам өлесің ғой ішің күйіп

майданға батырыңды шығар жылдам

тәжіңді кеселденбе қырын киіп.

Тілімді ал, мұсылман бол, ей кәпірлер

көбіңді жоқ қылармын жерге түйіп

мұсылман болмасаңдар тілімді алып

кетермін өлігіңді далаға үйіп.

Ажалға айдап салып ағызды қан

шығарды қырық балуан Шаһирам хан

болады ат матымен екі бөлек

кезекпен барғаны өліп қалмады аман.

Ат қойды көтеріле бәрі тағы

Шаһирам қарап тұрып қайғыланды

көз жетпей дүниенің бекеріне

қақ дінді қабыл көрмей қырғын тапты.

Қимылы кешегіден бүгін артық

қамысқа түсіп жанған өрттей шарпып

ағызды дариядай қызыл қанды

шошынып Ғашкерлерін алды тартып.

Шаһирам әскерлерін жинап алды

қайламен ұстау үшін ақыл салды.

Қасында Мақабілдің имамзада

хабардар бұл кеңестен емес еді.

Ор қазады 80 құлаш Шаһирамдар

Имамға болғай өзің тәңірім жар.

Бір түнде бетін жауып орды қазды

сап түзеп ерте тұрды баршалары.

Таң ата дабыл қағып майдан құрды

ер имам білген емес ішкі сырды

майданға келе жатыр Қанапия

кәпірді қырамын деп оңды солды.

Тұлпары астындағы орды білді

аяғын қадам баспай қарап тұрды

апырай, бұл шіркінге не болды деп

қамшымен бауырынан мекем ұрды.

Қанталап екі көзі дірілдеді

жыландай шыйратылып, тік секірді

сол ордан алды шығып, арты шықпай

асыл Ер, мекен қылды қазған орды.

Жануар қорыққаннан кетті тайып

жолықты мұндай іске таңғажайып

қисапсыз бұл жаһанның балуаны

құдыққа ат матымен болды ғайып.

Тәңірім кез қылған соң мұндай істі

Шаһирам мұны көріп көңіл өсті

тұлпардың құлағанда белі үзіліп

өзінің бір аяғы қоса сынды.

Шаһирам әскеріне бұйрық берді

құдықты таспен бітеп толтыр деді

тастаған тасын тосып имамзада

қайта атып әскерлерін өлтіреді.

Тозаңнан Сахарада шаң көрінді

хикая тоғызыншы боп сөз бөлінді

Зүпін қыз әскерімен жеткен екен

қасына Мақабілдің аз қідірді.

Ей Мақабіл білмейсіңбе серігіңді

Жал – жая, бал мен шекер, өрігіңді

жолдасың имамзада қайда кетті

жағдайын айтып көтер көңілімнің.

Бұл қалай кәпір қолы дуылдайды

Мақабіл босқа тұру жарамайды

асылым қор болды ма, қайран жалған

бас ауырып, құлағым шуылдайды.

Мақабіл сөз сұрайды мына қыздан

атыңды ойнақшытып келіп түрған

танымай аңқау байғұс жөн сұрады

бірігіп талай жеген дәммен тұздан.

Хабарсыз Шаһирам хан Зүпін қыздан

майданға араласты жапырлаған

шетіне келе сала қойдай қырды

айбарлы түсі суық қармен мұздан.

Ақырды абаттанып қаһар шашып

Шаһирам селкілдеді өңі қашып

бүрылып әскеріне қайрылмайды

қасқырдай қойды қырған арпалысып.

Әкесі шақырсада үндемейді

әскері қырып жатыр ерінбейді

төрт болып екі көзі алаңдап жүр

көзіне имамзада көрінбейді.

Кәпірді қырып жүріп орды көрді

мұнда ма сақып қыран, ерім деді

айламен орға жығып, мерт қылды ма

опасыз бұл дариға жалған деді.

Мен Зүпін сені жоқтап келіп тұрған

дыбыс бер имамзада тірі болсаң

ішінде бұл майданның көрінбедің

кеп тұрмын шығаруға кемеңгерім.

Ойлайды Зүпін мұнда келген екен

жазасын Шаһирамның берген екен

дариғай қозғаларға дәрменім жоқ

мүгедек ғарып басым болған екен.

Алқызыл гүл соларма

гүлдерге бұлбұл қонарма

кәпірлермен ұрыссып

түстім қалың мұнарға.

Бұрынғы күнім боларма

кәпірді қойдай қырарға

Алладан қаза болмады

дәрменім жоқ тұрарға.

Жараларым жазылып, әуелгідей боларма

жарық дүние жүзіне, күн барма екен шығарға

кәпірден кекті қайырып, көңілім менің тынарама.

Ор басында Зүпін тұр

Имам үшін аһ ұрып

белін бекем буынды

жауапқа жауап қатысып.

Сен үшін күйіп жанамын

зынданға арқан саламын

пәни дүние жүзінде

не қылып сізден қалайын

ұстасаңыз арқаннан

күшім жетсе алайын

қуат берсе құдайым

майданға дабыл қағайын.

Сәләмат сізді шығарып

кәпірден кекті алайын

сіз үшін жаным құрбандық

қылышымды салайын.

Зынданға осылай деп арқан салды

арқанын имамзада ұстап алды

барлық күшін салсада шығара алмай

әлі жетпей Зүпін қыз қайран қалды.

Зүпінге имамзада дыбыс берді

көмекке Мақабілді шақыр деді.

Қырық қыз нөкерімен, Махабіл бар

шығарды бәрі зорға имам ерді

аяқтан бек мүсәпір болды ғарып

басына шатыр тікті тауға апарып

Зүпін қыз қайратымен қорған соқты

еш пенде келместейін тас қопарып.

Баршасы бір имамның қамын жеген

Зүпінге имамзада былай деген:

Зынданда екі бекзат не болды екен

соларды шамаң келсе шығар деген.

Зүпін қыз атқа мінді қаруланып

келе жатыр қаласына қаһарланып

Шаһирам тақ үстінде отыр екен

Зүпін қыз бұрылады көзі шалып

әуелі сені мақрұм жоқ қылайын

тозақта жарқырайтын шоқ қылайын.

Ұмтылды әкесіне қылыш алып

басыңды кесіп алып доп қылайын

кәпірді келе жатыр қайта қырып

Падишаның шатырына келді жетіп.

Әкесі қорыққаннан тығылады

Тақты сын екі бөлді бірақ ұрып.

Зүпін қыз өзі сұлу, өзі күшті

көрсетті кәпірлерге теперішті

Зүпін жоқта имамды қоршап алған

бұрылып Зүпін қыздың көзі түсті

имам Ер жатып оған оқ атады

Кәпірдің атқан оғы дарымады.

Қаптаған бірнеше мың қалың әскер

баруға имам ерте бата алмады.

Зүпін қыз жетіп келді найзағайдай

кәпірдің басын кесті қаққан доптай

балық қуған жайындай алдына сап

қырып жүр дұшпандарын жаншып таптай.

Үріккен қойдай болды тұс-тұсына

Зүпіннің әлек болып қылышынан

бас сауғалап қалғаны елге қашты

білген соң қыз Зүпіннің қалдырмасын.

Бекінді қашып әскер қаласына

кетпес қайғы түсірді баршасына

керекті алтын, мүлік қазына алып

қайтып келді имам Ер падишасына.

Басын ұрды имамның аяғына

таппадым екі бекзат қай жағында

баралық Мединеге жылдамырақ

келерміз жазылған соң тағы мұнда.

Тапсырдық қос бекзатты бір аллаға

кім көнбес тәңірімнің салғанына

елге барсақ бір себеп боларма екен

жазылып ойнап күлер аяғына.

Хикая енді оныншы Ғимраннан

бейнетті көріп еді екі қыздан

мұсылман жасап кеткен Қанапия

айтайын әңгімесін соғыс қылған.

Беріпті бұрын салық Ғомылаққа

көршілес өзі мықты кәпір патша

салығын төлесін деп әмір етті

шабарман кісі салып арасына.

Салығын не қылсада бере алмаймын

қәзір мен Ғомылаққа қарамаймын

Мухамбет менің дінім Қанапия

деген соң Ғомлақ келді соғыс жаққа.

Келіпті тоқсан бір мың әскер ертіп

құртуға Ғимранның басын кесіп

азырақ әскерменен қарсы тұрды

бейшара тәуекелге белді буып.

Екі жақ майдан құрды қарсыласып

жығылды кей біреуі жерді қауып

бұл соғыс дүзік діннің таласы еді

жүргені екі жақтың елді шауып.

Ғимран қорықпастан қарсы тұрды

сәждеге мінәжәт қып басын ұрды.

Қақ діні Мухамметтің оңлай көр деп

соғысқа Ғимранның өзі кірді.

Кездескен кәпірлерді екі бөлді

әскерін Ғомылақтың қойдай қырды

Я Мұстапа, Мухамбет, ер Ғали деп

кәпірдің басын үшке бөле берді.

Қышқырды Ғимранға тұзақ сал деп

Ғомлақ әмір етті ұстап ал деп

айламен Ғимранға тұзақ салды

сиынды Пайғамбарға мінәжәт қып.

Келтірді Ғимранға қатер қауіп

ұсынды мойнын қаққа ақыл ауып

Сол кезде имамзада келген екен

аз кешіксе кетер еді басын шауып.

Естіді торға түскен Ғимран деп

алып тұр ортасына жиылған көп

Зүпін қыз арғымаққа қамшы басты

Барады екі көзі майданды жеп.

Майданға Зүпін келіп араласты

Ер имам айбаттанып қаһар шашты

дауысы күркіреген күн секілді

кәпірдің жүрегі ұшып күші қашты.

Екпіні арыстанның айбатындай

оғындай жайдың соққан араласты

қоймасын Зүпін қыздың білгеннен соң

Ғомылақ әскерлерден шыға қашты.

Құтқарды Ғимранды есен аман

Зүпінге шақ келмеді қарсы тұрған

сұрады Ғимран кеп Зүпін қыздан

сіз кімсіз мені өлімнен азат қылған.

Мен имамның деген соң қызметшісі

Зүпіннің аяғына басын ұрған

Ғомылақ қаша жүріп соғысады

бойына түк тигізбей айла қылған.

Ойнап жүр бір арыстан құтырғандай

көптігі кәпірлердің шырмауықтай

шыңғыртып Ғомылақты ұстап алды

соғыс тоқтап, іс бітті ұтылғандай.

Сүйретті сирағынан қара жерге

қан жалап аузы басы батты терге

жазасын Ғомылақтың сіз бұйыр деп

Салақтатып әкелді имам Ерге.

Құран бір, құдай шын, деп имам айтты

молда қылып сайратты көп жойытты

Ғомылақ әскерімен жатқа біліп

әммесі мұсылман боп елге қайты.

Ғимран имам Ерді қонақ етті

көргенін бір біріне баян етті

Қаладан балгерлерді жинап алып

сынғанын аяғының көрсетеді.

Шаһардан келген балгер қарап көрді

ем таппай даруына қайран болды

дару жоқ дертеңізге дегеннен соң

аһ ұрып имам Ердің жүзі солды.

Мұхамбет Қанапия қылды наза

тәңірімнен жетті ғой деп енді қаза

мойныма қарыз қылмай кешіріңдер

рұқсат жаным барда баршаңызға.

Қайғырып екі көзі жасқа толды

кешіңдер бірге жеген дәммен тұзды

мен енді бұл дүниеден күдер үздім

қоштасар Ғимран Зүпін уақыт болды.

Талықсып Имамзада ұйықтап қалды

Зүпін қыз нала болып қайғыланды

мені не деп, аузыңмен айырдың деп

несін тірі болам деп, зарланады.

Бір сағат не боламын сізден қалып

шынымен кетесіңбе қайғы салып

Ер имамның білген соң ұйықтағанын

шатырына қыз Зүпін қойды апарып.

Хикая он бірінші: Қалия пері

Қап тауының басында мекен жері

он төрт жыл ғашық болып іштен тынып

қасында нөкері бар келген жері.

Имамды ұйықтап жатқан көзі шалды

әскерін қасындағы тоқтатады

Жігітін іздеп жүрген тапқаннан соң

көтеріп пері алып кетіп қалды.

Жөнелді жеті дария көлден асып

тағы да жеті жылдық жолды басып

бұл сырды ешбір пенде білмей қалды

әкетті Қалия пері адастырып.

Зүпін қыз уайыммен жүрді налып

шақырды Мақабілге көр деп барып

Имамға сусын құйып дайындады

келсе орны бар өзі жоқ, болды ғайып.

Зарланды Мақабілден ақыл тайып

Имам жоқ бұл іс қалай таңғажайып

қырық қыз Зүпінменен бәрі бірдей

қойдай шулап жылады, күйіп жанып

Зүпіннің жылағаны

Енді қайда барамын

қай жаққа дабыл қағамын

хабарын білмей Дариғай

қалай қарап шабамын.

Жан жағымның бәрі жау

қай жаққа қарай барамын

қайтейін қайран Падишам

қайғыменен жанамын.

Бір алладан басқаға

мұңымды кімге шағамын

Жаратқан жақсы құдая

өзіңе жылап наламын

ашылмас тұман болды ма

мойныма бекем тұралық

Сені есіме аламын

қайғыңмен күйіп барамын

есен жаның сау болса

дүние жүзін шарлармын.

Күндіз түні жол тосып

жолаушыдан сұрармын

ақ жүзіңді көргенше

өртеніп күйіп жанармын.

Пәни дүние жалғанай

сөзіне кімің нанамын

іздеп сізді таппасам

қаңғырып өліп қалармын.

Дүние жүзін кезермін

қалай күдер үземін

пәни дүние жалғанай

енді қайда жүремін.

Бақытсыз болдау заманым

қызғалдақтай солармын

ашыққан құстай алақтап

көрінгенді алармын.

Ғайып болдың сұңқарым

қапияда айрылып

адасқан қаздай көз сүзіп

орныңды сипап қалғанмын.

Жаратқан қаққа тапсырып

мінәжәт туын тілейін

Сұңқарым қонса қолыма

шаттанып сонда күлейін

кез қылса тәңірім жолымнан

іздестіріп білейін.

Зүпін қыз көтермеді жерден басын

сел қылды екі көзден аққан жасын

Ғимран сабыр қыл деп тоқтау айтып

сұрады Зүпін қыздан оқиғасын.

Бақытым бастан ұшып зар жылатқан

ғайып болды имам Ер алтын тақтан

белгісіз қайда кетіп қалғандығы

іздеймін асыл Ерді қай тараптан.

Қырық қыз Мақабілмен зар жыласқан

ағызды Ғимранда көзден жасын

қара киіп Зүпін қыз асын берді

аруағына бағыштап құран қатым.

Бастайын, он екінші хикаяттан

Зүпін қыз имам үшін қайғы тартқан

нөкерін ертіп алып жол тартады

Хабары болама деп Мекке жақтан.

Зүпін қыз Мединеге бет түзеді

мұратқа кімді тәңірім жеткізеді

қайғырып күндіз түні ұйқы көрмей

далада бірнеше күн өткізеді.

Көрінді Мединенің мұнарасы

Мухамбет қақ Пайғамбар падишасы

барлығын баяндайды әулиенің

Мақабіл Зүпін қызға жол бастаушы.

Зүпін қыз жылай берме босқа жасып

имамға жолығармыз құдай қосып

қыз Зүпін көрем бе деп қуанышты

босатты қырық қызды азат етіп

келе жатыр Мақабілге жалғыз еріп.

Зүпіннің зары

Қалаға қайтіп кіремін

не бетіммен жүремін

сұраса менен кімсің деп

не деп жауап беремін.

Атам менен анамнан

туысқан бауыр қалмаған.

Айрылып едім сіз үшін

ойлаппа едім мұндай боларын.

Шаһарда имам жоқ болса

жайнаған шоқтай сөнгенім

бұтақсыз өскен шынардай

қайғыңмен қатып сынармын.

Тастап кет мені көш жерге

Мақабіл өзің жалғыз бар

мен ғаріпті көрсетпе

Ғали сынды серіңе.

Көргеніңді хабар қыл

ренжітпей шеріңе

осылай болып заманым

таусылып тұр амалым.

Жансыздан сұрап білген соң

жеткізерсің хабарын

қуанышты қылғайсың

хабарын білсең достымның

Хабары мұнда болмаса

басыма дәулет қонбаса

мұңлы болған көңілім

не күйге түсіп зарлайсың.

Ұмытып кетпей Мақабіл

мен ғаріпті шалғайсың

баянсыз өткен дүние

Мақабіл тұрмай барғайсыз.

Мақабіл жалғыз келді қаласына

не деп жауап берем деп атасына

туысқан бауырлары түгел келсе

не деймін ағасы мен анасына.

Кездесті қаша алдынан ағасына

әртүрлі қайғы түсті санасына

сәлем беріп сұрады Мақабілден

қайда деп жолдасыңыз Қанапия.

Ер Мақабіл ат қойды ағасына

дал-дал қылып айырды жағасында

Қасен менен Құсайын бәрі келді

бұлардың қайран қылып наласына.

Мақабіл өзі жаңғыз келгеннен соң

күн туды қараңғылық анасына

Дариғай шейт болды ау құлыным деп

қойдай шулап көрісті баршасына.

Қанды жас екі көзден аққан бұлақ

Ғалиға биби келді өзі жылап

Мақабіл Сахарадан өзі келді

нұр дидар Қанапия ботаңыз жоқ.

Құлыным балуан едің асқан бөлек

нұр дидар шыққан анық ақыл зерек

опасыз дүниенің жалғанынай

шыбыным гауһар едің алтын терек.

Отырған құран оқып Ғали жандар

көзінен жасы кетті қайғы толып

аһ ұрып, я балам деп бір ақырды

орнынан тебіреніп кетті толқып.

Арыстан төрт аяқтап тізе бүкті

хайуан жеген шөбін қайта төкті

заман ақыр болғандай күңіреніп

әммәсі мақұлықтың дірілдепті.

Алланың арыстаны Ғали батыр

жығылды топыраққа білмей өзі

Ғазрет Расулдан Ғосман молда

ақырған дауысты естіп келді сонда.

Жаратқан бөлекше ғып Ғали батыр

бойынан ақыл кетіп талып жатыр

бір хабар перзентімнен айтама деп

қуанып түрегелді Ғали батыр.

Шақырды Мақабілді Ғосман молда

басыңнан өткені істі айт деп, сонда

Мақабіл не көрсеңде көзіңменен

жасырмай түгелдей айт, имам қайда.

Сөйледі Мақабіл ер өткендерін

дұшпандық көп кәпірдің еткендерін

Ер имам аяғынан жазым болып

Ақыры ғайып болып кеткендігін.

Ақыл қып сөз бастады Ғосман молда

оңғар деп бір жаратқан өзің алла

әкеткен имам Ерді пері шығар

Бабамнан Ғали сұра өзің барда.

Ер Ғали түрегелді көзін сүртіп

Мухамбет Ғазрет Расул деп

жиналған Қасен, Құсайын баршалары

аһ ұрып имам үшін уайым жеп.

Мубәрәк Ғазіреті Расулдан

жан баба садағаңа жаным құрбан

зиратқа сәлем беріп кіріп келді

зарланып бабасына пәрият ұрған.

Ғалидың зары

Қайғылы болдық бабамыз

қуаты күшті панамыз

перзенттерің келіп тұр

Ғам күн болдық бәріміз.

Ғайып болды я баба

Қанапия балаңыз

осы еді біздің наламыз

ішіміздегі данамыз.

Қайғылы болып келдік біз

қарар таппай жанымыз

себепкер бол я баба

қайдан іздеп табамыз.

Қайғылы күнім болдыма

жаныңа балаң бардыма

Әзрейіл періште

жанын қиып алдыма.

Ғаріп болып бір жерде

ботам менің қалдыма

өлшеусіз туған тұлпарым

күйігін маған салдыма.

Тәңірімнен қаза болды ма

жүрістен балаң танды ма

Рахымын шашып тәңірім

келе ме тірі алдыма.

Баба сізге мағлұмды

басымды мұнар шалдыма

шам шырақ болған лапылдап

азырақ күнім жанды ма.

Бабам сізге сыйындым

перзент үшін күйіндім

хабары сізден болар деп

сапарға шықпай тыйылдым.

Ғайып болған хабарын

жолдасынан сүйіндім

өзіңіз барда жан баба

жолын кездім қыйырдың.

Арыстан сері атандым

өзіңізден бата алдым

Зүлпіқар тұр қылышым

кәпірлерге бұйырдым.

Сіз дүниеден өткен соң

күш қуатым кеткен соң

рұқсат беріп балаңа

сапарымнан тыйылдым.

Жаратқан досты бабамыз

хабарсыз кетті балаңыз

асыл әулет әулие

жаратқан өзің ғаламның

Лаухыл мақбоз мақшарда

рұқсат болса я баба

білгіз бізге хабарын.

Үн шықты Пайғамбардан қамыр жарып

қайғымен келдің балам күйіп жанып

тірі жүр перілерде Қанапия

Ер Ғали балаң үшін болма ғаріп.

Жасынан ғашық болған Ғалия пері

ол үшін ойламаңыз қайғы шерді

он төрт жыл ғашық болған күйіп жанып

көтеріп алып кеткен имам Ерді.

Әкетті жеті тілсім дарияны асып

тағы да жеті жылдық жолды басып

мекені қап тауының ар жағында

перімен имам отыр араласып.

Уа баба жеті дария көлі болса

тұрақты мекендеген жері болса

қолынан адамзаттың келе ме екен

баратын қап тауының жолы болса.

Әр іске пенде ғарып көнеді екен

іздесем мұратыма бере ме екен

Жаратқан бір Алладан медет болып

қолымнан талап етсем келер ме екен.

Ер Ғали рұқсат жоқ саған баратұғын

Періден өзің барып алатұғын

Жолдас боп Мақабілмен бір қыз келді

соған бата беріңіз қолын жайсын.

Олда сенің бір балаң білсең анық

қасына жиырма мың ерсін халық

жау жарақ саймандарын дайын етіп

қолыңнан өзің жөнелт жолға салып.

Қызы еді Шаһирамның Зүпін аты

таппай жүр имам үшін рахатты

Сәлем де сол балама қайғырмасын

мақшарда себеп болар шапағатым.

Көп жылап зарламасын сөзімді ұқсын

тоғыз қабат бес батпан сауыт кисін

бір адамға қос аттан екі сандық

бекзада киім алып атқа мінсін.

Бір атқа екі сандық киім артсын

періге солай етіп жол ұзартсын

барған жерде киінсін әйел киім

көзге сүрме, бетіне перне тартсын.

Барған соң падишасына сәлем берсін

деп айтар қай әулеттен келген ерсің

сұраған падишасы мен уәзірге

алдынан пайғамбардың келдім десін.

Бос сөзді бекер сөйлеп айтпаасын көп

сол балам қайғырмасын уайым жеп

жоғалтып іздеп келдім бас жапқышты

үйінен сіздің қыздың табылар деп.

Сөзіне жауап берсін падишаның

оң сапар қуанышты болсын қызым

михнат, азды көпті бейнет көрер

сәлемде сол балама жолы болсын.

Солай деп тақсыр сөзін қылды тәмәм

Ер Ғали үйге қарай басты қадам

жіберді Мақабілді Зүпін қызға

шақырып, ертіп кел деп шер арыстан.

Зүпін қыз өзі жалғыз жылап жатқан

қайғырып имам үшін күйік тартқан

алдына ер Ғалидың Зүпін келді

сарғайып запрандай жүзі солған.

Ер Ғали тұралмады тағат қылып

бұл қыздың қапаланған қалын біліп

Көзінің алты жарам жасын сүртіп

Зүпіннің түрегел деп басын сүйеп.

Кеш деді айып етпе күнәм болса

Зүпін қыз егіліп тұр көзі жасқа

хабарын Әмірзада айтыңыз деп

сұрады бабасынан хабар болса.

Бастады бабасының сөзін айтып

перінің алып кеткен кезін айтып

бұл қыздың бастан аяқ көрген ісін

Ер Ғали баян етті өзіне айтып.

Жеті көл жеті жылдық жері болса

жүз жылдай мекендеген пері болса

қыз Зүпін барам деді тірі болса

менде өлем, имам үшін өлі болса.

Тағзым қып әдеппенен амандасып

жүрмекке даярлықты бастады енді.

Хикаят он төртінші келді тағы

қолдай көр Расул баба Ер аруағы

қасына бір неше мың әскер ертіп

Зүпіннің имамды іздеп жүрген шағы.

Дайындап азық түлік мол артады

сайланып бедеулерді жаратады

сапарын бастан аяқ айта берсек

тыңдауға жалықтырып ұзартады.

Қыз Зүпін дамылдамай сапар тарты

жолшыбай үш падишамен ұрыс сапты.

Боялып қызыл қанға найза қылыш

бәріде мұсылман боп имам айтты.

Қасында жиырма мың әскері бар

кәпірге ойран салып жауғызды қар

қайраты Зүпін қыздың аждаһардай

бір алла қуат бер деп қайраттанар.

Қараған жолындағы Қырмыз падиша

Зүпіннің сөзін қостар жауап қатса

періге жеті күндей жол қалды деп

бастады төте жолды Қырмыз падиша.

Азапсыз мұратқа адам жете алмайды

бек қатерлі ұшқан құс өте алмайды

жолында мекендеген Ғадилер бар

құтылып, жүгірген аң кете алмайды.

Жаралған жойыт болып алтау дейді

бойлары бір жүз кездей балық жейді

жасапты әрқайсысы үш жүз жылдан

көзіне көрінгенді жібермейді.

Осы су дария болып, дүние айналған

бір тау бар ортасында жазира апас

сол тауда мекендеген алты Ғади

келген жан, барған емес ешбір адам.

Бойлары бір мың үш жүз алпыс кезден

айтамын кітаптағы жазған сөзден

жұтады керуенді кемесімен

жолыққан құтылмайды, тақсыр содан.

Ермек қып бұлт қопарады аспандағы

өзіндей бір адамның бас бармағы

көлемі отырғанда бір жүз кездей

көрінсең құтқармайды қашандағы.

Бұл жолмен төте көріп жүре алмайсың

көп дәурен, жүрсең егер сүре алмайсың

заман ақыр болады соғыс құрсаң

бұлардың күші бөлек шыдамайсың.

Тілімді алсаң бұл жерден айналып жүр

қайраты артық, құтылмайсың кәпір сұмнан.

Зүпін айтты ойынға Ер қызама

ерігіп жүреміз бе құр базарға

жүремін төте болса, осы жолмен

Есіктен орын тапқан, төрге оза ма.

Мұны естіп жолдастары жылайды зар

кең дүние көз алдында болады тар

ел жұртты қайда айналып көрмейміз деп

қоштасты туылғасып сахабалар.

Зүпіннің тарығып жылағаны

Мен бұл жолмен жүрейін

қақ жазғанын көрейін

достымның өлсем жолына

армансыз болып кетейін.

Уақыт бітпей қаза жоқ

айналып жүрсем жеті жыл

сарғайғанша қайғымен

жаныымды құрбан етейін.

Тәңірім қосты шара жоқ

төте жүріп көрейін

қайғырмаңдар жолдастар

жазуы шығар алланың

не бұйырса көнермін

әуелде жазған орын бар

қаза жетсе өлермін

Имам достым бар болса

сәләмәт қайтып келерміз

қайрат беріп Зүпін қыз

азық түлік пісіртті

жанған оттай шаттанып

киімдерін піштіртті

іздеген жарды табуға

шыбын жанын безіпті

қайрат беріп жолдасқа

жол жүрмекке бекіпті

қырымызы гүлдей жайқалып

төте жолмен жүруге

кемеге түсті баршасы

су бетіне шайқалып.

Кемемен дарияда желдей есті

мұсылман перілерге тура көшті

Аллаға тәуекел қып су бетінде

тынбастан дарияда үш күн кешті.

Зікір сап дегбір айтты сахабалар

әммәсі өлеміз деп қайғыланар

Зүпін қыз әмір етті амалы жоқ

Падишаның сөзі біреу, жарлығы тар.

Құдая сақта деді Ғадилардан

зуылдап кеме келді тауға таман

жазықтау жерге келіп бәрі түсті

қайғырған көп жамағат есен аман.

Бұлармен Ғомар улия болған жолдас

мұндай ер, айлакер жан сірә болмас

сұрады Зүпін қыздан бару үшін

көруге төңеректі қарауылдап.

Рұқсат сұраған соң Зүпін берді

қай жерде деп байқайды Ғадилерді

көз салып төңірекке жерді шолып

жүгіріп Ғомар улия жаяу келді.

Қасына жетіп келді Ғомар батыр

Ғадидың алтауы да ұйықтап жатыр

жаһаннам қабыры жоқ жойытардың

теңкиіп таудай болып қатар жатыр.

Ойлады Ғомар батыр шабайын деп

тозаққа ұйқысында жағайын деп

өлтірсем Зүпін қыздан ұят болар

деді де қайтып келді айтайын деп.

Зүпінге Ғадилерден хабар берді

ұйықтап барлығы да жатыр деді

үстіне сайман киіп қаруланып

Зүпін қыз Ғомарменен бірге келді.

Алыбы бұл жаһанның бір керемет

кәпірдің тамашасын Зүпін көрді

жатқанда ұйқысында өлтірмейін

Я Ғомар сұмның бірін оят енді.

Кәпір сұм оянған соң түрегелді

алдына Зүпін қыздың жетіп келді

мазамды алып ұйқымнан неге ояттың

сор қысты ма, бұл жерге қайдан келдің.

Әй кәпір, жан алғышың мен боламын

Қарсылассаң уатып құл қылармын

Құдайға құлшылық қыл, мұсылман боп

көнбесең айтқан сөзге қарсыласып

басыңнан өңешіңді суырамын.

Сұм кәпір ашуланып таспен ұрды

қыз Зүпін тағат қылып қарап тұрды

алысты екі батыр қоян қолтық

қозғалтып сілкіндірді қара жерді.

Малынды екі батыр қара терге

алқынып жүгіргендей биік өрге

қайраты Зүпін қыздың артық екен

көтеріп сирағынан ұрды жерге.

Шынжырмен Ғомар улия байлап жатыр

көсілтіп қол аяғын жайғап жатыр

бұл көрген өңім бе әлде түсім бе деп

ғажайып бұл қалай деп ойлап жатыр.

Жетеуін кезек - кезек оятады

Зүпін қыз тұрғанына тіл қатады

екпіні дарияның толқынындай

әуе жерге түскендей құлатады.

Қуанды сахабалар мұны көріп

Зүпіннің қайратына қайран қалып

байлаулы қол аяғы Ғадилердің

мүсәпір бір сағатта болды ғарып.

Ғадилер иман айтты дінге кіріп

үйренді ислам дінін қабыл етіп

той жасап мұсылман боп қызмет қылып

асыл тас алтын күміс әкеп беріп.

Хикаят он бесінші, пері жайлы

қысқартып тастап келем сөзді ұдайы

Ғадилер біледі екен жолдың жөнін

Естісін қыз Зүпін де күн мен айын.

48 бет

Бұл жерден қашық емес пері жақын

Ғадилер біледі екен қыздың атын

Күзетші жолға қойып бақтырыпты

Келер деп қорқады екен балуан қатын

Көркіне имам Ердің адам тоймас

Қыз пері сізді көрсе жоймай тынбас

Жүреді күндіз түні жолды тосып

Қорқады Зүпін келсе алмай қоймас

Құлатар кеме көрсе суға қағып

Өртейді жермен жүрсен отқа жағып

Ұшкан құс мақұлықты жібермейді

Тұрады күзетшісіжолды бағып

Періге тілімді алсаң бармағайсың

Арандап бір пәлеге қалмағайсың

Айтамын сізге бола жаным ашып

Көрсе егер аман сірә оралмайсың

Зүпін қыз төкті сонда көздің жасын

Айтқан соң перілердің оқиғасын

Бір Алла өзің сақта мұнша көпті

Келіп ем Бабам айқан сөзіменен

Бәледен тәңірім қосса қашамыз ба

Періні көрмей қорқып сасамыз ба

Келгенде жақын жерге кейін қайтсақ

Ұқсармыз іске аспайтын қола мысқа

Баршасы қайтпаймыз деп сөз бастайды

Зүпіннің айтқан сөзін кім тастайды

Қабарын Имам ердің естіген соң

Зүпін қыз жүрмек болып ойқастайды

Өзі сұлу Зүпін қыз өзі мықты

Қолы тиген адамның бәрін жықты

Періге Тәуекел деп қолды бастап

Үш күнде қиын жлддан өтіп шықты

Сол күні пері үйіне қайтқан екен

Имам үшін аһ ұрып қайғы шеккен

Пері қыз Имам ерді алып келіп

Іштегі ғашық сырын мағлұм еткен

Жазар ем аяғыңды даруғылып

Ғашықпын мұратым сол үміт еткен

Имам айтты сендерсің пері жыныс

Үмметке бабам сені көрмес дұрыс

Маңыма жақындамай қолыңды тарт

Арманым жоқ дүниеде өлсем тыныш

Солай деп Қанапия жата берді

Білген жоқ қыз әкесі мұндай сырды

Жылы сөз Қалия пері ести алмай

Қасында өткізіпті төрт бес күнді

Періге адамзаттан қабар келді

Қыз пері біле қойды ішкі сырды

Қапыда жол күзетпей өткіздім деп

Қап деді санын қағып өкінішті

Зүпіннің әйел киім кигені

Сауыттарын шешініп

Әтір суын құйынды

Айдай нұры ашылып

Нұр жаңбыры құйылды

Сүрме тартып көзіне

Әйел киім киінді

Қылдай белі үзіліп

Кірпік қасы қиылды

Өз жолдасы таң қалып

Қасына келіп жиылды

Көрген пенде қасында

Кетуі сірә қиынды

Күндей жүзін көргендер

Сөйлер сөзден тиылды

Өсиет беріп басында

Пайғамбар құда бұйырды

Қабыл көріп әмірін

Жаратқан Хаққа сиынды

Кәмшәт бөрік басында

Көрген жан тоймас қараса

Ұзын бойлы қалам қас

Інжу маржан гауһар тас

Артықша болар сипаты

Хор кызына баласа

Не десе де болады

Құлаштап шашын тараса

Айтылып болмас сипаты

Тұлғасын тәмәм санаса

Асыл киім киінген

Нұр сипаты тамаша

Шаһарға келді тебініп

Имам үшін емініп

Дүниеде қалмаған

Әммесі түгел беріліп

Ақыл ажал ерікті

Әр нәрсеге көрікті

Әйелмін деп ойламай

Отырмай үйде желікті

Дүниені сел қылып

Не істесе жарасқан

Киген киім төгіліп

Гүл сепкендей сөзімен

Алуан шекер төгіліп

Басып кеткен ізіне

Қойғандай маржан себіліп

Іздеп келген алыстан

Бағасы қымбат данышпан

Хабарын білмей Зүпін қыз

Топшысы сынған сұңқардай

Қалам ба деп шабыстан

Әркім мендей зар ма екен

Қайғылы пенде бар ма екен

Бата алып шықтым Бабамнан

Шын Құдай қосқан жар ма екен

Табылар ма екен періден

Айырылдым Имам серіден

Іздеп келіп таппасам

Неғылып тірі жүремін

Қайғылы болған қабағым

Біле алмадым қабарын

Аллаға жаның аманат

Бағасы қымбат қыраным

Амалым жоқ қайтейін

Көрсеткен Алла сәләмәт

Перінің падишасына Адамзат

келді деп қабар берді

Қалың қол шатыр тіккен адам қөрді

аралап аспанда ұшқан пері келді

көрдім деп қаптап келген Адамзатты

Падишаға әлгі пері қабар берді

Жұмсады уәзірін шолып кел деп

Адамзат неге келді біліп кел деп

Бұл жерге не жұмыспен келген екен

Қабарын жылдам барып алып кел деп

Уәзір жұмсаған соң келді жетіп

Сұрады Зүпін қыздан кімсіңдер деп

Ішінен Сахабалар қауіп қылды

Құдайау жірдем беріп қуат бер деп

Жіберді Падишамыз біл деп маған

Сіздердің келгеніңді қабар қылған

Бұл жерге қай рудан келдіңіздер

Жөнін айт жұмысыңның келдім соған

Зүпін қыз айтып берді бастан аяқ

Мұхамбет пайғамбарым елім Арап

Жұмысым падишаңызда өзім айтам

Келген жерім Медина Мекке болад

Уәзір мұны естіп ұайтып келді

Көргенін падишасына айтып берді

Мұхамбет Мустафаның үмбеті екен

Ер Ғали Қанапия атым деді

Өзі қыз нөкері бар жолдасы көп

Келбеті ай мен күннен жүз қисса артық

Сипаты хор қызынан кем түспейді

Көргем жоқ бұндай сұлу жүз жыл жасап

Келтірсе суреттеп қағаз жетпес

Бейнесін айтсам сізге тілім жетпес

Адамзат бұл дүниенің бұлбұлы екен

Мақтасам тәтәм болып мың жыл бітпес

Оларды жылдам барып мұнда шақыр

Болады дүниежүзі Заман ақыр

Дінге кіріп Мұсылман мен де болам

Мұхамбет Пайғамбар сол әул ақыр

Шақыртып Мұсылманмен қабарласты

Қой сойып қонақ үйге берді асты

Зәйітпен Ғомар Улия Зүпін Әбу Бәкір

Падишамен баршалары амандасты

Мәжіліс құрды бұлар басты құрап

Падшаның бір сарайы болды тұрвқ

Бұл жерге не жұмыспен келдіңдер деп

Падиша сөз сұрады жөнін сұрап

Зүпін қыз падишамен кеңес құрды

Падиша қыз сөзіне құлақ түрді

Өзінің көрген бейнет оқиғасын

Зүпін қыз әңгіме ғып айтты сырды

Сөйледі Қалия пері алған кезін

Айрылып Иман Ерден қалған өзін

Арманын көңіліндегі түгел айтып

Толтырды қанды жасқа екі көзін

Зүпіннен бұл сөзді естіп қапаланды

Билеген падиша боп талай жанды

Қызының бұндай сырын білмейді екен

Шақыртты падиша қызын ашуланып

Жұмсады бір уәзірін қызға бар деп

Көрсетсін ғашық байын біге әкеліп

Айтпаңыз Зүпін қыздың мұнда екенін

Ертіп кел бүгін мұнда тез жетсін деп

Уәзір бұл сөзді айтып жүріп кетті

Қуартып жер апшысын бүріп кетті

Падиша бүгін жетсін дегеннен соң

Үш сағатта сарайға барып жетті

Қыз пері қатар тұрып амандасты

Уәзір қыз алдына қойды басты

Асыққан жұмысының бетін ашты

Уәзір кетемін деп асып састы

Тез қалқам атаң саған келсңн деді

Ғашығын менің көзім көрсін деді

Ертіп кел деп жіберді мені жұмсап

Өз қолынан қоспақшы жасап тойды

Қыз пері бұл сөзді естіп қалды шошып

Жасынан Имам ерте болған ғашық

Уәзір қыз періні нандырып жүр

Өз қолында той жасайды әкең қосып

Қыз жүрді Имамды алып атасына

Ұйалып жасырынды қатесіне

Ғашықтық әсерімен күнәлімін

Құдайау кез қылғайсың батасына

Күн бата әкесіне келіп жетті

Кішіріп қол қусырып тағзым етті

Көрген ел Ер Имамның нұр дидарын

Аспанда дию пері тамаша етті

Падиша жауап алды баласынан

Көзінің ағы менен қарасынан

Екеуің қандай жолмен таныс болдың

Пері мен Адамзаттың арасынан

Қыз бастап әкесіне сөйледі сөз

Құдайым бұл адамқа келтірді кез

Қатам болса жан ата кешіріңіз

Ғашық болып әкелдім көрген соң көз

Көрген соң ғашық болдым вдвм түрін

Көргем жоқ мұндай сұлу бұдан бұрын

Сабыр тағат қылмадым жаным ата

Тамаша Ер Имамның жамал нұрын

Ғашықтан шыдамадым өрттей жанып

Осындай әсерменен келім алып

Падиша бар жағдайын естіп отыр

Сөзіне баласының құлақ салып

Болғанда пәни дүние мақшар күни

Балада бардеуші еді ата қақы

Алғызып Имам Ерді өз қасына

Падиша өыз әкесі жауап қатты

Имам Ер айналайын көңілімді ашшы

Дәм тұзың көптен бері араласты

Қызымды ұнаттың ба жөніңді айтшы

Сен үшін ауре болған мына жасты

Ал падишам жаннан асқам жоқ айтам шынды

Қызыңа сөз сөйледім неше түрлі

Тірі боп дүниеде мен алмаймын

Ой тақсыр өлтірсеңде сөзім бірді

Имамның алмасына көзі жетті

Қыз пері әкесіне арыз етті

Бұл үшін талай бейнет азап көрдім

Мойнында Имам Ердің қақым кетті

Жол жүріп Имам үшін азап көрдім

Арқалап неше дария судан өттім

Ұйқы көрмей неше күн зар жылаумен

Жолдагы талай елдің қанын төктім

Падиша сонда тұрып ой ойлады

Қызына Имам батыр жоламайды

Істің түбін сабыр ғып байқағанша

Жазаға бұйырғаным жарамайды

Зүпін қызға көрсетті Имам Ерді

Мұратын Зүпін қыздың тәңірім берді

Көрген соң бірін бірі екі ғашық

Жеті күн жеті түннен талып жатты

Әммесі пері адамның келді көріп

Қуанды сахабалар тнгіс келіп

Жалған ғашық екенсің Қалия пері

Ішіне қайғы салдың оттар шашып

Жаптырды қыз періні зынданға сап

Той қылды ұлы жиын ат шаптырып

Зеітпен Ғомар Улия Садуақас

қуанды Иман Ермен амандасып

Дұшпанға Зүпін Имам болмады мат

Падиша сөз сұраған неше қабат

Сынығын аяғының ауырсынбай

Қуанып аман есен көңілі шат

Жаратқан жоқтан барғып патша Құдай

Барлығы бірдей емес олай-бұлай

Қақ дінді қадірлейді үміткерім

Пендеге қиын болса өзіне оңай

Падиша бұндай іске қайран қалды

Алғызды бір ағашты дариядан

Имамның аяғының жарасына

Қайнатып қабығының жаұты майын

Сәләмәт қырық күнде жазылды аяқ

Жарадан түк қалмады мекен саяқ

Оңаша уйде болды қырық күндей

Ғашық болсаң сондай бол айтқандайақ

Сөйлесті қырық күндей мұңын айтып

Нелер күн өтті ғой деп дүние жалған

Мұратқа іздеген жан жетеді екен

Табысты аман-есен екі ғашық

Біреуін падиша сонда тыңшы қойған

Көргенін падишаға қабар қылған

Қырық күндей сөйлесті мұңын айтып

Көзіммен еш нәрсені көре алмадым

Тамаша таң қаларлық бұл іс деді

Имамға падишаның өзі келді

Сөйлестің ойнап-күлмей қырық күнде

Ғашыққа мұның несі жарасады

Ай тақсыр сөзім рас жалған емес

Көңіліне бабам қиял алған емес

Қаратпай өз дініме ата-анасын

Бұл қызды никах еткен арман емес

Қараңыз Адамзаттың сабырына

Ғашықтың мұнша шыдап ауырына

Имам Ер пері қызды шақырып ап

Насихат ақыл айтты Қалияға

Шырағым құлағыңды сал түспей отқа

Алладан күдер үзбей сыйын хаққа

Өз ұлтыңнан ұнатқан біреуге тіи

Қол созып бой ұзартпа басқа жаққа

Қихая он жетінші тағы келді

Срғайтып жатқызбалық Имам Ерді

Бет дүзеп Мединаға қайтатұғын

Зүпін қыз сахабаның кезі келді

Еліне қайтпақ болып айтысты қош

Балуан Зүпін менен Ер Имам жас

Перінің падишасы құрмет етіп

Беріпті қазынадан көп асыл тас

Шырақшы Пайғамбарды күзеткенге

Береді сәлемдеме айтып жеке

Үмбеті Мұхамбеттің біз болдық деп

қат жазып сәлем айтты Ғали Ерге

Перімен қош айтысып бұлар қайтты

Қуанып судай толқып желдей есті

Жлдағы ғадилермен үш патшаға

Қонақ боп барлығымен амандасты

Келеді бұлар қайтып түзеп бетті

Жолына Мединаның жаңа жетті

Сағынып туып өскен елі жұртын

Имамға жолдастары арыз етті

Сөйледі Имам зада сонда көпке

кез болдық тәңірім қосып мұндай кепке

бармасқа ауылыма ант еткенмін

қайтпаймын Шаһирамды салмай дінге

Көңілге алған істі бітірместен

Жаранлар қайтқанымыз келмес жөнге

Шаһарын Шаһирамныңалғаннан соң

Келерміз ойнап-күліп сонда елге

Сөйледі сонда Зүпін қапаланып

Жыласты жолдастары ел сағынып

Алдымен ата-анаңа жолыққан соң

Келерміз содан кейін қайта оралып

Бек жақсы Пайғамбарға бағышласақ

Болар ед сәлем берсек ұлкен сауап

Ұнаса көңіліңізге осы сөзім

Сонан соң Шаһирамның елін алсақ

Ай Зүпін бас боп келдің мұнша қолға

Біз келдік дәм бұйырып осы жолға

Аман-есен қайттық деп хат жазалық

Елге апарып қуантсын Ғомар Улия

Сәлем жаз ақ қағазға әуел бізден

Екінші барлық ел мен өзіңізден

Перінің елі-жұртын көріп қайттық

Келеміз аман-есен барған ізбен

Сәлем жаз Ғали бабам шаһиларға

Сүйікті ойламасын Патима ана

Бірге өсіп бірге жүрген бауырлармен

Айдархан Пазыл атты жарандарға

Жөнелді Ғомар Улия бармақ болып

шүйінші Ғали Ерден алмақ болып

бет дүзеп Мединаға Ғомар кетті

өзгесі қала берді сәлем жолдап

жол жүріп Ғомар Улия елге келді

қуантты Алла сүйген кемеңгерді

көрісіп аман-есен елі жұртын

үлкенді кішілері сәлем берді

шуылдап қуанысып алды жылап

көңілі көтеріліп жанап шырақ

туысқан Қасен Қусайын анасынан

шүйінші баршасынан жатыр сұрап

Ғалиға қағаздағы берді қатты

Сәлемін баршасынын түгел айтты

Көргенін бастан аяқ Ғомар Улия

Баяндап көрген ісін түгел айтты

Бұларды осыменен тоқтатайын

Жаратқан уайымсыз бір Қудайым

Еліне Шаһирамның сапар шеккен

Айтайын Қанапия Зүпін жайын

Бөлініп Ғомар Улиядан бұлар кеткен

Жол жүріп екі арада кқп күн қткен

Қонақ боп Ғимранға бір екі күн

Бір айда Шаһирамға барып жеткен

Күзетті қойған екен Шаһирам хан

Келер деп қорқады екен осылардан

Күзеткен қарауылшы қарап тұрса

Көріпті келе жатқан бір топ адам

Айнала бұл шаһарды қаптаған су

Айырмай қарап тұрды мұнартқан бу

Абайлап қарауылшы байқап еді

Көрінді жалаулатқан он алты ту

Бұлардың жау екенін анық білді

Кеп қалды деп падишаға қабар берді

Қабарлап бір сағатта жан жағына

Падиша әскерінің бәрін жиды

Ойлайды Шаһирам хан іші күйіп

Өз балам соғыса ма көзі қиып

Зүпін қыз Имам Ермен жау боп келсе

Сазайын тартқызалық түнделетіп

Осылай ақылдасып әскер жиды

Дайындап Шаһирам хан қайла қылды

Баспа ғып қай араға тоқтайды деп

Сыртынан Имамгердің қарап тұрды

Зүпін қыз Имам Зада әскерменен

Жол жүріп келе жатыр алыс жерден

Келді де түстік жерге дамылдады

Майданды құрамыз деп таң сәріден

Бүгінше осы араға дамылдайық

Ат отап Ер тынықсын ұйқы қанып

Қабарлап Шаһирамға ертең ерте

Тұралық майдан жерге біз де барып

Қауіпсіз тоқтаған қол жатты тоқтап

Тазалап қылыш найза мылтық оқтап

Қасында неше мың қол әскерімен

Шаһирам келе жатыр қызын жоқтап

Жатқанда шырт ұйқыда қырамын деп

Келе жатыр ескі кегін ішке сақтап

Шаһирам аңдып келіп түнде тиді

Өлігін мұсылманның таудай үйді

Алланың жазуына шара бар ма

Имамның Зүпін мене іші күйді

Жолықты Хақ буйырып мұндай дертке

Айқайдан шаң тозаңы шықты көкке

Соғыстан күн күркіреп жер сілкініп

Тірісін Шаһирам хан айдап кетті

Соғысқа періштелер қайран қалды

Зүпін мен Зайыт Ерді ұстап алды

Тығылып Қанапия көзге түспей

Зарланып бір шұңқырда қала берді

Пендеге не қылса да Аллада ерік

Жазайын қайсы бірін сөзді теріп

Әммесін бұл қабардың аян еткен

Періште Жебреиіл Ғалиға кеп

Баяндап Ғали Ерге қабар берді

Оятып Алла сүйген кемеңгерді

Түсінде Ғомар Улия бұл да көріп

Түнделетіп Ғалиға сәлем берді

Аян ғып бір Алланың өзі берді

Түсінде Жебреиіл қабар берді

Бөгелмей тез жылдам жүр апарам деп

Ғайыптан тағыда бір қабар келді

Ер Ғали Ғомар Улия жүрген екен

Жер тамырын Жебреиіл бүрген екен

Не қиын бір Аллаға бәрі оңай

Бір сағатта Имамға келіп жетті

Ер Ғали баласымен құшақтасып

Зар жылап бабасымен амандасты

Көрген білген бейнеттің бәрін айтты

Іштен шерін тарқатып мауқын басты

Ғарып боп жолдасы жоқ жалғыз қалған

Ер Ғали тауып алды Имам жасты

Білдіріп Шаһирамға келгендігін

Аһырып Ер арыстан һаһар шашты

Жер тітіреп айғайға күн күркіреп

Хайуан жәндік біткен түгел састы

Шаһирам ханға айқайлап сөйлегенде

Сілкініп домалады таудың тасы

Мен Ғали Мединеден келіп тұрмын

Басыңды алар құстай төніп тұрмын

Шаһирам құтылмайсың менен қашып

Қайтармын барлығыңды түгел құртып

Алланың Арыстаны атанғанмын

Бүлдіріп талай елге от салғанмын

Шаһирам тілімді алмай қарсы шықсаң

Қызығын көрсетпеспін бұл жалғанның

Шаһирам жаның барда елді босат

Тұтқынды зындандағы аузын ашып

Әскері падишаның ойран болды

Жүректері жарылып жаман састы

Ақырып шер Арыстан хаһар етті

Айғайы жер мен көкті тітіретті

Өмірден күдер үзді естіген жан

Дауысы жеті күндік жерге жетті

Құлады Шаһирам хан тақтан ұшып

Есі ауып талып қалды жерді құшып

Шақырып уәзірден сұрап отыр

Селкілдеп падишаның зәресі ұшып

Дүние сел боп кетті ме

Қиямет күні жетті ме

Жер сілкініп қозғалды

Өлшеулі күнім бітті ие

Азан қазан боп кетті

Әуе жерге түсті ме

Жайын білсең айтсаңшы

Керемет дауыс немене

Шыбын жаным тақалды

Аз ақ тұрмын өлуге

Сұрайын деп шақырдым

Уәзір сенен білуге

Уәзірдің айтқаны

Айқайлап Ғали батыр берді қабар

Бет алса елу айлық жолға шығар

Шынымен қаһарланып айбат қылса

Аждаһа арыстан да жерге кірер

Ешқайда құтылмайсың мұнан қашып

Бір өзі жүз кісілік қайраты артық

Қырады бәрімізді түк қалтырмай

Көнелік айтқанына қол қусырып

Алланың арыстаны атақ алған

Бүлдіріп талай елге қырғын салған

Қолында қылышы бар Зүлпіқарды

Тілсімді мың кісіні өзі қырған

Батыр дәу ешбір пенде құтылмаған

Сөзім шын өтірікші емес жалған

Қарсыласып Ғалимен соғыспайды

Дүние жарығынан үміт қылған

Шаһирам бұл сөзді естіп жаман састы

Соғысуға шыдамай қара басты

Қасына уәзірін ертіп алып

Атлантун шаһарына падиша қашты

Қарамай ел жұртына қашып кетті

Бетдүзеп үш айшылық жолға кетті

Қашқанын Шаһирамның білгеннен соң

Артынан Ер арыстан құып жетті

Шаһирам олй қашты бұлай қашты

Себепкер бір жанына таппай састы

Ақыры құтылмайтын болғаннан соң

Жалынып Ер Ғалиға ұойды басты

Бар екен Шаһирамның екі інісі

Олар да сұлтан екен елдің басы

Сөзіне Ер Ғалидың бәрі көніп

Келмепті ұрысуға күш шамасы

Шаһирам дінге кірді иман айтып

Ғалидан қорыққан соң кедлі қайтып

Ел жұртын жинап алып Шаһирам хан

Мұсылман боп дінге енді өсиет айтып

Босатты тұтқындағы мұсылманды

Байлаулы қапа болып қысылғанды

Зүпін қыз ең алдымен дінге кіріп

Жаратқан Хаһқа мойын ұсынғанды

Шаһирам халқын жинап той жасады

Қырық күн ат шаптырып ойын салды

Өлең айтып күресіп балуандар

Ат шапан шағы пүліш бәйгені алды

Шаһирам Ғали ермен қда болды

Аз өлмей Шаһирам хан молда болды

Зүпін қыз Имам Ер мен екі ғашық

Сол тойда құтпа оқып некаһ апты

Қосылды бір біріне екі ғашық

Шат болып көңілдері судай тасып

Нұр жігіт жұмақтағы хор қызындай

Екеуі ойнап күлді жарқылдасып

Арнаған әуел баста патша Құдай

Қолында бір Алланың бәрі де оңай

Соғысып бір бірімен ең соңында

Қуанып той жасады көңілі жәй

Шаһирам аянбады Ғали ерге

Жан қиған бір дін үшін кемеігерге

Аямай алтын күміс қазынадан

Шаһирам өз қолынан қызын берді

Ер Ғали салтанатпен көшіп келді

Қуанып Мединеге өсіп кеді

Шуласып аман есен ел жұртымен

Олжасын алып келген бөліп берді

Той қылды Ер арыстан жұртын жиып

Жаратқан әуел баста Құдай сүйіп

Қосылды Имам Зүпін екі ғашық

Жаратқан патша Құдай нұрын құйып

Жел сөзден әңгіме айтам арапшадан

Ерлердің хикааясы санып қыран

Алладан үміт үзбе оқыған жан

Зүпіннің әңгімесі болды тамам

Жаратқан жоқтан барғып хаһ тағалам

Ғаламға он сегіз мың жетті шамаң

Қағазадан көріп жаздым әңгімені

Күнәдән кешіре гөр болса қатам

Дұғадан тастамаңдар оқыған Ер

Шапағат бір алладан үміт қылған

Көшіріп арапшадан жаздым мұны

Қайыр дұға қыла жүр оқыған жан

Жазған, Жұмагелдіұлы,

Шығайып.1960